Атакент


Жайбарақат серуендейтін жер

Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында таңнан кеш батқанға дейін серуендеуге болады. Жағымды саябақ, балалар алаңдары, субұрқақтар, аквапарк, батут саябағы, мейрамханалар, Atakent Mall және «Галерея» сауда орталықтары, Қарқара базары — Атакентті тек бизнес орталығы ғана емес, қалағанша қыдыруға болатын кешенге айналдырды.

Тарихи анықтама

Атакентті қалалықтар «Көрме» деп те жиі атайды. Гәптің бәрі ғимараттың о бастағы аты мен құрылу тарихында жатыр. 1963 жылдан 1992 жылға дейін Атакент ХШЖК (Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі) (ВДНХ) деп аталды. Көрме павильондары да сол кезде салынып, онда күні бүгінге дейін әртүрлі салалар мен бағыттардағы көрмелер өткізіледі.

Кәсіби көрмелер

Көрмелер кестесіне үңілсеңіз, өз салаңызға қатысты бәрдеңе тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Әртүрлі фирмалардың презентациялары, сансыз көп тақырыптарға арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар секілді жиындарға әлемнің түкпір-түкпірінен мамандар мен сарапшылар келіп, тәжірибе алмасады, өздеріне қажетті тауарлар мен қондырғыларды сатып алып жатады.

Ақпарат

Орташа чек 

 

Жұмыс кестесі

 

Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау