Бүкіл ТМД-дағы дара жоба
Алматы қаласының бір ерекшелігі, мұнда алуан түрлі көңіл көтеру орындарын табуға болады. Алматыда таң атысымен ен далада ат шаптырып, түс қайта ең соңғы маркалы спорткарды бар жылдамдығымен айдау үшін кәсіби трассаға баруға болады. «Sokol» автодромы — Қазақстандағы жалғыз кәсіби спорт-техникалық кешен әрі дәл мұндай кешен бүкіл ТМД-да жоқ. Өңірлік және жергілікті жарыстардың барлығы дәл осы трассада өткізіледі.
«Сокол» автодромы ТМД-да теңдесі жоқ жоба
Автодром – «Сокол» – Қазақстандағы жалғыз кәсіби спорттық-техникалық кешені.
Көңіл көтерудің алуан мүмкіндігі
Автодромнан көңіл көтерудің алуан түрін табуға болады: Картинг (кузовы жоқ жарыс автомобилімен жарысу) — 1 150 км трасса және 5-тен астам күрделілік түрі Drag Racing (қысқа қашықтыққа спринтерлік жүріс) — трассаның ұзындығы 950 м Дриффтинг (көрнекі бұрылыстар жасайтын автожарыс) — алаңның аудағы 16 000 кв. м Багги (мини-автомобильдерді мініп, жолсызбен жүру) — ойлы-қырлы трассаның ұзындығы 2 км.
Баршаға арналған демалыс орны
Бұдан тыс, автодромда авто-мото жарыстарға арналған қолайлы алаңдар, пейнтбол, мини-гольф алаңдары да, қонақүй және дәмханалар да бар. Сондай-ақ автодром аумағында автотехника музейі орналасқан. Мұнда Сіз таңғажайып ретро машиналарды көресіз. Жаз мезгілінде белсенді демалыс өткізу үшін кемпинг-аймақ, ал балалар үшін арнаулы ойын алаңдары бар.