аиаиаиаиаи

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына, сондай-ақ Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы  Б.М. Шаханов бекіткен Алматы қаласы басқармаларының (оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда) және аудандар әкімдіктердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес – 2024 жылғы                 1 сәуірден 25 сәуірге дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған (бұдан әрі – СЖТІТ). СЖТІТ-мен қамтылатын кезең: 2023 жыл және 2024 жылғы бірінші тоқсан.

Серіктестіктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

– Серіктестіктің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Жобаларды кредиттеу/қаржыландыру процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (кәсіпкерлік субъектілері);

– Қаржыландыру жобаларының тиісінше іске асырылуын мониторингтеу процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;

– Қызмет туралы ақпарат жинауды жүргізу (тәртіптік практика, рұқсат беру функцияларын іске асыру және өзге де мәселелер).

– Интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуын жариялау (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу);

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау (күні: №4 ТБН картасы бойынша белгілеу).

 

Осы мәселе бойынша ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз ақпаратты келесі электрондық мекенжайға жібере аласыз: a.shatyrbekov@visitalmaty.kz

 

Блог