Бүгінде туризм-кірістілік пен жұмыспен қамтудың жоғары әлеуеті бар ең серпінді дамып келе жатқан сала.

Визалық режимді жеңілдету, ЭКСПО мен Универсиаданы өткізу, туристік инфрақұрылымды, жаңа тартымды нысандарды құру, халықаралық іс-шараларды өткізу, қаланы шет елдерде ілгерілету арқасында қалада туристер саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы ғана Алматы қаласына келетін туристер саны 11,8% – ға өскенін көрсетті және алғаш рет 1,1 млн.туристі құрады. Бұл елге келгендердің бестен бір бөлігі.

Қала тұрғындары мен туристер үшін жайлы қалалық орта құру мақсатында “адамдар үшін қала” жобасы бойынша 2 жыл ішінде тарихи орталықтың 60% – ы кешенді түрде жаңғыртылды. Тротуарлар мен жасыл аймақтар кеңейтілуде, жеке қызмет көрсету нысандарының сапасы түбегейлі өзгеруде. Өткен жылы Алматыда жұмыс істейтін агенттіктер үшін БҰҰ өңірлік хабының жаңа ғимараты ашылды.

Коммуналдық меншікке берілген Балуан Шолақ спорт кешенінде елдегі жалғыз туристік хаб ұйымдастырылған, онда туристік операторлар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, қолөнер орталығы, туристерге арналған демалыс аймақтары және т.б. орналасқан. 2018 жылы қалаға 365 мың шетелдік турист келді. Бұл елімізге келген туристердің 44% – ы Алматыға келеді деген сөз. Айта кету керек, шетелдік туристердің көпшілігі көшпелі мәдениетке, Алматының 1000 жылдық тарихына қызығушылық танытады. Сондықтан “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Боралдай сақ қорғандары” сақ мәдениеті орталығын, “Сақ қорғаны” және Райымбек батыр музейлерін, “Қазақфильм” аумағында “Ethnoland”этно-мәдени кешенін салу жоспарлануда.

Оқиғалық туризм шеңберінде жыл сайын Халықаралық джаз фестивалі, spirit of Tengri, Star of Asia, Оркестрлер шеруі, Алматы Көктөбе Опера, Apple Fest, Tour of Almaty, Almaty Maraphon, Almaty Mount Fest сияқты халықаралық ауқымдағы кемінде 50 іс-шара өткізіледі. Оқиғалар туризмін ілгерілету үшін туристік Оқиғалар күнтізбесі әзірленді, онда қаланың 2019 жылдың соңына дейін өтетін барлық негізгі іс-шаралары көрсетілген. Күнтізбе біздің барлық ақпарат арналарымызда, БАҚ – та, әлеуметтік желілерде, белгілі халықаралық платформаларда таратылады.

Жүргізілген жұмыс есебінен 2018 жылы орналастыру орындарының саны 102 бірлікке артып, 286 орналастыру орнын құрады, ал соңғы 4 жылда қонақ үйлердің саны орташа есеппен 25 бірлікке ұлғайды. 2017 жылмен салыстырғанда төсек-орындардың жалпы саны 26% – ға артып, 19,4 мың адамды құрады, бұл қалаға бір уақытта 19 мыңнан астам турист қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қонақ үйлердің нөмірлік қоры 22,7% – ға артып, 10,8 мыңды құрады. Қалада соңғы жылдары туристік бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалатынын ескере отырып, туристік салаға жеке инвесторлар тарапынан елеулі қызығушылық байқалады. Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша туризмге инвестициялар 28,7% – ға өсіп, 77,2 млрд.теңгені құрады.

Блог