“Тақиялы періште”
Тұғыр 1968 жылы «Тақиялы періште» музыкалық фильмінің түсірілімі өткен «Алматы» қонақ үйінің жанында орналасқан. Ашылу салтанатына: КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, театр және кино актерлері, Қазақ КСР Халық әртістері Юрий Померанцев және Асанәлі Әшімов, қазақ ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменов сияқты шығармашылық интеллигенция өкілдері қатысты. Қола нысан 30 сантиметрлік гранит тұғырда тұр. Мүсін 1,2 масштабты табиғи көлемде жасалған. Авторы – мүсінші Н. Далбай. Шәкен Айманов – қазақ актері, режиссер, КСРО Халық әртісі. 1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда дүниеге келген. 1933 жылдан бастап Қазақ драма театрында (қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) қызмет етіп, жүзден астам рөлдерді сомдады. 1954 жылдан бастап «Қазақфильм» – киностудиясының кинорежиссері. «Дала қызы», «Махаббат туралы Поэма», «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән шақырады», «Перекресток», «Безбородый обманщик», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» және т.б. фильмдердің авторы.
Актерлік шеберлік
Театрда жұмыс істеген кезінде ол психологиялық сипаттамасының ашықтығы тән болған актерлік шеберлікті көрсетті. 1938 жылдан бастап киноға түсе бастады, 1954 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. Ол өзінің еңбек жолын Қазақ драма театрында бастап, өмірінің 20 жылын осыған арнады. Өз жолын жас актерден бастап бас режиссер және көркемдік жетекшіге дейін көтерілді.
Отелло бейнесі — Аймановтың жұлдызды рөлі. Англияда Шекспирдің 400 жылдық мерейтойында ол Отелло монологын сахнада оқып шықты және бұл нағыз оқиғаның бірі болды. Онда алғаш рет, ұлы Шекспир Англия сахнасында қазақ тілінде сөйледі. Шәкен Айманов Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі және көрнекті актер құрметті атағына ие болды, әрі Кеңес киносының режиссері Сергей Бондарчук «Правда» газетінде «ойынның шеберлігі мен шынайылығын», «мәнерлілігін», «оның шығармашылық ойы мен қиялын» атап өтті. 60-шы жылдары Шәкен Айманов тоғыз фильм қойылымын түсірді, олардың екеуінде өзі ойнады. Сол кездегі ең маңызды фильмдері – «Бір ауданда», «Ән шақырады», «Перекресток», «Әкелер жері», «Тақиялы періште», «Найзатас етегінде» және 2 сериялы «Атаманның ақыры» фильмі болды.
Шәкен Айманов Кеңес киносының көрнекті қайраткері болды. Оның шығармашылығын шет елдерде білген. Ол бірқатар шет елдерде — АҚШ, Англия, Италия, Франция, Египетте болды, жанр бойынша түрлі фильмдер — трагедиялар, комедиялар, киноочерктер, драмалар қойды.