Қазақстан мен Оман (Маскат-Алматы) арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы қарсаңында 2020 жылғы 26 ақпанда Маскат қаласында алғаш рет “қазақстандық туризм күні”өтті. Іс-шараға Оман Сұлтандығының туризм министрінің кеңесшісі А.Әл-Бусаиди, Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Қ. Ақылбеков, Оман сауда-өнеркәсіп палатасының, қазақстандық және омандық туристік компаниялардың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Іс – шара аясында Оман нарығы үшін жаңалық болған Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Екі елдің туристік компаниялары өзара ынтымақтастыққа және елдер арасындағы туристік ағынды қамтамасыз етуге қызығушылық білдірді.

ҚР Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәлі құттықтау сөзінде екіжақты қарым-қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтіп, іс-шара екіжақты туристік өзара іс-қимылдың жандануына оң әсер ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ Оман туризм министрінің кеңесшісі А.Әл-Бусаиди өз сөзінде Оман тарапы Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша тиісті жұмысты тепе-теңдік негізде жүргізіп отырғанын, бұл туризмнің дамуына қосымша серпін беретінін атап өтті.

Блог