Ашылуы

1925 жылдың соңында Қазақ АКСР астанасы болған Қызыл-Ордада ұйымдастырылған. Театр 1926 жылы 31 қаңтарда Сералы Қожамқұлов қойылымында Кошке Кемеңгеровтың «Алтын сакина́» («Золотое кольцо») пьесасымен және үлкен концертпен ашылды. Алайда, ресми ашылғанға дейін 13 қаңтарда өткен алғашқы қойылым Мұхтар Әуезовтың «Еңлік — Кебек» трагедиясының актісі болды.   1928 жылы республиканың жаңа астанасы Алма-Ата қаласына қоныс аударып, театр да сол қалаға көшірілді. 1937 жылы театрға академиялық, ал 1961 жылы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді.  1981 жылы Қазақ драма театры үшін Абай даңғылында жаңа ғимарат салынды. Жобаның авторлары сәулетшілер О.Баймурзаев, А.Кайнарбаев, М. Жаксылыков, инженерлер М.Плахотников және А.Брохович, суретшілер И.Нимец пен Г.Завизионный болды. Осы жоба үшін үш авторға 1982 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

ғимараттын конструкциясы

Ғимарат консрукциялық  және сәулеттік ерекшеліктері бойынша бірегей ғимарат болып табылады. Барлық қасбеттердің композициялық шешімі негізінде – негізгі көлемнің тұтастығы жатыр. Ғимарат жоғары цокольде орналасқан. Басты кіреберіс салтанатты баспалдақпен белгіленген, оның алдында М.О. Әуезов ескерткіші орнатылған. Фойе сәндік барельефпен безендірілген. Ғимараттың көлемі мен оның элементтерінің өлшемдестігі ғимаратқа ерекше монументальдық және салтанатты көрініс беріп тұр. Қасбеттерді әрлеуде гранит, ұлутас, мәрмәр қолданылған. 30-шы жылдары театр кәсіби орыс режиссерлерін (М.Г.Насонов, И.Б.Боров, М.А.Соколовский), суретшілерін (К.Ходжиков) шақырып, Әуезовтің «Түнгі сарын», Майлин және Мүсіреповтің «Амангелді» атты күрделі драмалық шығармаларының қойылымына кіріседі.  1941-45 жылдары репертуардың негізін Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының ерлік күресіне арналған спектакльдер құрады: Әуезовтің «Сын сағатта», Әуезов және Әбішевтің «Намыс гвардиясы», сондай-ақ Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты». Сондай-ақ, соғыс жылдары Шекспирдің «Асауға – тұсау» спектакілі қойылды.

Соғыстан кейінгі жылдары соцреалистік тақырыптың дамуы жалғасуда: Шәкен Аймановтың «Достық пен махаббат», Ә.Тәжібаевтың «Гүлдене бер, дала!».
1950-1960 жылдары театр С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», Ә.Тәжібаевтың «Майра» атты тарихи тақырыптарына жүгінеді. 
1997 жылдан бастап 2018 жылға дейін театр сахнасында жаңа жылдық қойылымды «Сезам» қуыршақтар театры өткізді. 

Сондай-ақ қараңыз