Музей әлемінің жаңа технологиялары
Жылдар жылжып, уақыттың өтуіне байланысты әйнек витриналардың астындағы стандартты экспозициялары бар музейлердің ескі форматы жұртты жалықтыра бастады. Елден ерек музей салу мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы алғашқы Мультимедия орталығын салуды тапсырды. Орталыққа келіп, қазақтың дәстүрлі музыка тарихынан сыр шертетін видео және аудиоматериалдарымен танысуға болады.
Тарихи экспозиция
Музей коллекциясында қазақ ән-күй өнерінің танымал қайраткерлерінің музыкалық аспаптары да бар. Олардың бір бөлігін Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптары музейінің қоры сыйға тартқан. Сондай-ақ музейге келсеңіз, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше сыйлығын — оның домбырасын және қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі Дина Нұрпейісоваға арналған мүсінді көресіз.
Халық мақамдарынан сусындап
Жетісу және Арқа күй мектептері несімен ерекшеленеді? Қазақстанның батысы мен шығысынан қандай күйлер туындаған? Осы сияқты көптеген сұрақтарға жауап алумен қатар, өзіңіз қалаған күйді тыңдау мүмкіндігіне де иесіз. Музейдің салдарында жаңғырған дәстүрлі музыканың үздік туындылары ақпараттық қызмет атқарудан тыс, ұмытылмастай эстетикалық ләззат та береді.