Алматыда Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған ескерткіш орнатылды.
Алматыда Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткішті Санкт-Петербургтен келген Матвей Макушкин – Төлебаев көшесінде орналасқан Виктор Цойға арналған ескерткіштің авторы тұрғызды.
Денис Юрьевич Тен (1993 ж. – 2018 ж.) — жеке разрядта өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс медаль иегері, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы төрт құрлық чемпионатының чемпионы, VII Қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқорлығымен түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы.
Олимпиада ойындарының (2014 ж.), әлем чемпионаттарының (2013 ж., 2015 ж.), құрлықтық чемпионаттың (2015 ж.), қысқы Универсиаданың (2017 ж.), Қысқы Азия ойындарының (2011 ж.), сондай-ақ мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңдерінің медальдарын жеңіп алған Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірінші және жалғыз спортшы. Жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде (2008 ж.) алтын алып, ISU турнирінің медалін жеңіп алған алғашқы Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды. 2013 жылдан бастап ол мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары қатысатын «Денис Тен и друзья» мұз шоуының продюсері болды. Ұйымдастырушылардың ресми мәліметтері бойынша, жыл сайын мұз шоуына шетелдерден (көбінесе Жапониядан) 500-ден астам турист, жобаны өз көзімен көру үшін келеді. 2019 жылдан бастап Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Денис Тен ескерткіші» халықаралық турнирі өтеді.
Денис қайырымдылық акцияларға қатысқан.
Осылайша, ол 2011 жылы Жапонияда 2011 жылдың наурыз айында болған жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге көмектесетін «Skating Friends Support Japan» жобасының белсенді қатысушысы болды. 2013 жылы спортшы Астанадағы (қазір Нұр-Сұлтан) SOS Балалар ауылына және Алматыдағы мектеп-интернатына жиі барып тұрған. 2014 жылы елордада «Денис Тен и друзья» мұз шоуынан жиналған қаражат нейролейкозбен ауыратын және шетелде қымбат тұратын операцияларға мұқтаж 6 жасар бала Нұрсат Жақыпбайға жіберілді.
2009 жылғы дебюттік әлем чемпионатында Денис турнирдің сенсациясына айналды. Ол әлемдік біріншіліктің ең жас қатысушысы (15 жас) болды және оның еркін бағдарламасының таңғажайып мәнерлеп сырғанауы Лос-Анджелесте 18 000 Staples Center залын аяққа көтерді. Бұл турнирде көрермендер тек қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға және чемпионаттың жеңімпазы — американдық Эван Лайсачекке тұрып қол соқты.