Бутаковский асуы (№ 106 маршрут)
Бастапқы нүкте: Медеу
Жалпы уақыт: 13-14 сағат
Асуға дейінгі ұзындығы: 8,91 км
Жалпы ұзындығы: 18 км
Биіктігі: 1316 м
Санат: қиын треккинг
Ең биік нүктесі: Бутаковский асуы (2910 м)
Маусым: маусым-қазан
GPS координаттары 43.162055, 77.135954
Оның басталуы №102, №103 маршруттармен сәйкес келеді, соқпақ екіге бөлінген жерге дейін: сол жақ қырқа “Кімасар” саятшасына қарай кетеді, ал Кімасар өзені бойымен шатқалды жоғары қарай жүретін соқпақ бойынша жолды жалғастыру қажет. 25-30 минуттан кейін соқпақ шығысқа бұрылады да өрлеуге шығады. Жотаға көтеріліп, ол оңтүстік-шығыс бағытта Сарысу жотасының бойымен, оңтүстігінде Фурманов шыңы мен Еңбек резервтері шыңымен өтеді.
Лесной асуы – Букреев шыңы (№108 маршрут)
Бастапқы нүкте: Медеу
Жалпы уақыты: 6,5-7 сағат
Ұзындығы: 14,5 км
Биіктігі: 1668м
Санат: орташа трекинг
Ең биік нүкте: 3150м
Маусым: жыл бойы
Координаттары: 43.1669, 77.1344
107 маршрут бойынша Лесной асуына барыңыз. Содан кейін оңтүстікке қарай жолды жалғастыру керек. 1,5-2 сағатта жақсы көрінетін соқпақ сізді Букреев шыңына (Пионерская, 3150 м) апарады. Көтерілу жолымен екі нұсқа бойынша қайтуға болады: Медеуге немесе Алматы лагері немесе Қотырбұлақ ауылы арқылы.
Горельник шатқалы – Трапеция асуы – Құмбел шыңы – Көкжайлау – Ақ-Бұлақ (№120 маршрут)
Бастапқы нүкте: Горельник шатқалы
Жалпы уақыты: 2 күн
Ұзындығы: 18,74 км
Санат: күрделі трекинг
Ең биік нүкте: 3160м
Маусым: тек жазда (көшкін қаупі бар аудан)
Трапеция асуының координаттары: 43.105902, 77.035317
Қашықтық пен уақыт бойынша бұл екі күнге созылады, бірақ жорықты жұма күні кешке бастаған дұрыс, яғни оны екі түнеумен өткізген дұрыс.
Горельник – «Тұйық Су» альплагері – Мыңжылқы – Титов асуы – Горельник шатқалы (№122 маршрут)
Бастапқы нүкте: Горельник базасы
Жалпы уақыты: 2 күн
Ұзындығы: 24 км
Санат: күрделі трекинг
Ең биік нүкте: 3500м
Титов асуының координаттары: 43.078167, 77.058449
Маусым: жыл бойы
Шымбұлақ тау-шаңғы кешені – Талғар асуы – Шымбұлақ шыңы (№123 маршрут)
Бастапқы нүкте: Шымбұлақ
Жалпы уақыты: 2-2, 5 сағат
Шыңға дейін ұзындығы: 4,42 км
Жалпы ұзындығы: 8 км
Санат: жеңіл трекинг
Ең биік нүктесі: Шымбұлақ шыңы — 3540м
Жалпы көтеру: 1 146м
Чимбулачка шыңының координаттары: 43.124041, 77.115827
Маусым: жыл бойы
Талғар асуының GPS координаттары 43.114831, 77.112179
Шымбұлақ тау шаңғысы курортымен игерілген шөгінділі, санатсыз асуында арқанды жолдың, мейрамханалардың, әжетхананың және демалыс орындарының дамыған инфрақұрылымы бар. Кіші Алматы жотасының Азутау сілемінде, Шымбұлақ шыңының оңтүстік-батысында орналасқан. Кіші Алматы шатқалын Саурықсай шатқалымен, Сол Талғар шатқалының бассейнімен жалғастырады.
Шымбұлақ тау шаңғысы курорты – Талғар асуы – Богданович мұздығы (№124 маршрут)
Бастапқы нүкте: Шымбұлақ
Жалпы уақыты: 3-4 сағат
Мұздыққа дейінгі ұзындығы: 7,1 км
Жалпы ұзындығы : 14км
Жалпы көтеру: 1356м
Санат: орташа трекинг
Ең биік нүкте: 3690м
Координаттары: GPS координаттары: 43.10161, 77.110977
Маусым: жыл бойы
Талғар асуы №123 маршрут бойынша белгілі. Талғар асуының GPS координаттары: 43.114831, 77.112179
Тұйық Су альплагері – Мыңжылқы – Т1 (№132 маршрут)
Бастапқы нүкте: Тұйықсу Альплагері
Жалпы уақыты: 5-6 сағат
Т1 дейінгі ұзындығы: 7,62 км
Жалпы ұзындығы: 15км
Санат: орташа трекинг
Ең биік нүкте: 3650м
Жалпы көтеру: 1,060 м
Координаттары : 43.06806, 77.07921
Жақсы қара жолмен өтуге кететін жалпы уақыт 5-6 сағатты алады.
Көтерілу жолы мен түсу жолы шамамен бірдей болып келеді. Маршруттың жалпы ұзындығы 15 км құрайды.
Тұйық Су альпинистік лагері – Мыңжылқы – Мәншүк Мәметова көлі (№134 маршрут)
Бастапқы нүкте: Тұйықсу Альплагері
Жалпы уақыты: 5-6 сағат
Ұзындығы: 7,62 км
Санат: орташа трекинг
Ең биік нүкте: 3660м
Жалпы көтеру: 1207м
Мәншүк Мәметова көлінің координаттары: 43.07832, 77.10107
Маусым: жыл бойы
Бұл маршруттың жалпы уақыты орта есеппен 5-6 сағатты құрайды.
Маршрутқа ерте шығу қажет.
Тұйық Су альпинистік лагері – Мыңжылқы – Титов асуы – Горельник шатқалы (№136 маршрут)
Бастапқы нүкте: Тұйықсу Альплагері
Жалпы уақыты: 6-8 сағат
Ұзындығы: 16,86 км
Санат: орташа трекинг
Ең биік нүкте: 3460м
Жалпы көтеру: 1292м
Титов асуының координаттары: 43.078167, 77.058449
Маусым: жыл бойы