Қорғандар
Боралдай сақ қорғандары-Алматы аумағында сақталған ерте темір ғасырының жалғыз ескерткіші. Аумағы 430 га болатын үлкен қорған қорымы қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында, әуежай маңында орналасқан. Мұнда тарихы екі жарым мың жылдан асатын ежелгі қорым бар. Археологиялық кешен 47 сақ және үйсін қорғандарынан тұрады, ең ірісінің биіктігі 14 метр және диаметрі 100 метрден асады. Ең ежелгі қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырға жатады. Сонымен қатар, ескерткіш өзінің мәдени және табиғи ландшафтын әлі күнге дейін сақтап, құрылыстар мен жойылудан аулақ болды.
“Боралдай сақ қорғандары” саябағы “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы”жобасы аясында жалпыұлттық киелі нысандар тізіміне енгізілді. Бұдан басқа, археологиялық кешенді ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра объектілерінің тізіміне енгізу жөніндегі ұсыныс жоспарланып отыр.