уақытта “ҚазАвтоЖол “Ұлттық компаниясы” АҚ-ның 16 шақырымына (көпірдің арғы жағына) шлагбаум, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Үлкен Алматы көліне апаратын жолдың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және қайта жаңарту мақсатында “қозғалысқа тыйым салынады” жол белгісі орнатылған. Автомобиль жолының осы учаскесіне “Қазақавтожол”ЖШС АОФ мердігерлік ұйымы қызмет көрсетеді.
Құрметті туристер, Үлкен Алматы көліне баратын жол белгісіз мерзімге жабылғанын тағы бір рет хабарлаймыз, Сіздің қауіпсіздігіңіз мақсатында жол күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін ашылады (бұл мәселе “ҚазАвтоЖол “Ұлттық компаниясы”АҚ құзыретінде). Сондай-ақ Есік көліне өту көшкін түсу қаупі бар кезеңге байланысты жабылғанын хабарлаймыз. Құрметті келушілер, сізден, сондай-ақ туристік компаниялардан маршрутты алдын ала үйлестіруді сұраймыз.