Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы 1967 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы дене шынықтыру және спорт жөніндегі Мемлекеттік комитетінің тапсырысы бойынша салынған.
Спорт сарайының ауласында бокстан, баскетболдан, каратэден халықаралық, бүкілодақтық және республикалық жарыстар өткізілді. Мұз үстіндегі эстрада және балет әртістерінің өнер көрсетулері, халықаралық көрмелер мен республикалық жәрмеңкелер өтті.
Қайта құру кезінде барлық инженерлік-техникалық коммуникациялар ауыстырылды, қазір киім ауыстыру орындары, медициналық-қалпына келтіру кешені, демалыс және түсіру бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналастырылған қосалқы үй-жайлардың ауданы ұлғайтылды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылды.
2011 жылдан бастап спорт сарайын белсенді пайдалану басталды: мұнда 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты, 2010/11 футзал бойынша УЕФА Кубогының финалы, 2011 жылғы волейбол бойынша Әлемдік Гран-При кезеңі, 2011 жылғы дзюдодан Әлем Кубогының кезеңі, 2013 жылғы әйелдер волейболынан әлемдік Гран-При кезеңі, 2013 жылғы бокстан әлем чемпионаты өткізілді.
Қазіргі уақытта спорт сарайында олимпиадалық спорт түрлері бойынша құрлықтық және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының концерттік шоу-бағдарламалары жиі өтуде. Спорт сарайында «Олимпик» мәнерлеп сырғанау мектебі ашылды.
Бүгін сарай мұз арена, вестибюль, қызметтік бөлмелер, киім шешетін бөлмелер, көлік тұрағы, төрешілер бөлмесі, медициналық пункт және т.б. бар 4 қабатты ғимарат болып табылады. Объектінің жалпы ауданы бір гектардан артық.
Спорт сарайында хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, волейбол, баскетбол, мини-футбол және әртүрлі жекпе-жек түрлерінен жарыстар өтеді.
«Мәдениет» сөзі кешен атауында бекер кездеспейді. Балуан Шолақ атындағы сарайда мұз шоуы, халық эстрадасы әртістерінің өнер көрсетулері және басқа да шоу-бағдарламалар өткізіледі.
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы жанында қаладағы шатыр астындағы ең үлкен мұз айдындарының бірі орналасқан. Бұл жыл бойы сырттағы ауа райыға қарамастан конькимен сырғанауға барлық әуесқойларды тартуға мүмкіндік береді.