Туристердің тағы бір танымал бағдары
Үлкен Алматы шыңы Солтүстік Тянь-Шань тауының ең ірі, заңғар биіктерінің бірі болып табылады. Аспан ашық болғанда шыңды қаладан тұрып-ақ көруге болады. Үлкен Алматы шыңы өзгелерден ерекшеленіп тұр — пирамида пішініндегі шың — Алмарасан шатқалының биік шыңдарының ішіндегі ең жақыны. Үлкен Алматы шыңының биіктігі 3680 метрге жетеді. Шыңға көтерілу оңай болмағанмен, оған бару үшін ерекше дайындық пен құрал-саймандар қажет емес. Бастысы, жақсы аяқ киім мен діттеген мақсатыңызға жетуге деген ұмтылыс болса болғаны!
Алыс жолдағы шырайлы межелер
Шыңға көтерілетін жол көк-жасыл суымен көз тартатын аса сұлу Үлкен Алматы көлінің ту сыртынан өтеді. Көлден соң ғарыш стансасынан өтесіз де, Қырғызстан шекарасына жақындайсыз. Сондықтан да мұнда шекара жасақтарын жиі кездестіруге болады. Мұндағы ауа температурасының айырмасы сұмдық — күндіз күн +30 градусқа дейін қыздырса, түнде -10 градусқа дейін суытады. Сондықтан мұнда түн ортасына дейін қалмауға әрекет еткен жөн.
Шыңға көтерілудегі тыныстау орындары
3400 метр биіктікке жеткен соң аздап демалған дұрыс. Дәл осы жерден Іле Алатауының ғажап сұлулығы тұтас көрінеді әрі соңғы межеге жету үшін бойға қуат жинап алу да қажет. Соңғы жолда сізді «сақшылар» — тас үйінділері қарсы алады. Шыңға шығу үшін оларды айналып өту қажет.