Тарихсыз болашақ жоқ
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы Қазақстанның тарихқа дейінгі дәуірінен бүгінге дейінгі тарихын қамтиды. Мамонт қаңқалары, ұлттық киімдер мен ат ер-тұрмандары, Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған зеңбіректер — мұражайдағы экспонаттардың әрбірінің өзіндік тарихы бар. Тәжірибелі экскурсия жетекшілері қызыққан тыңдаушыға олар туралы жалықпай әңгімелейді. Қор коллекциясынан 300 мыңнан астам элементті көруге болады.
Мұражайдың тарихы
Мұражай коллекциясын жинаудың арғы басы ХІХ жылдардың 30-жылдарында жатыр. Сол кезде ашылған «Орынбор өлкесінің мұражайында» Жетісу өлкесінен табылған экспонаттар пайда болды. Астана көшірілген соң мұражай да Қызылорда қаласына көшіріліп, 1929 жылы Алматыға әкелінді. Мұражайды бауырына басқан алғашқы ғимарат Вознесенск Кафедралды соборы болды. Мұражайдың қазіргі ғимараты үкіметтің арнайы тапсырмасымен 1985 жылы ғана салынды.
Танымдық-көңіл көтеру бағдарламасы
Мұражай ғимараты шамамен 20 мың шаршы метр ауданды алып жатыр, ал көрермен кіре алатын көрме бөлігі 7000 шаршы метр айналасында. Бұл — Республикадағы ең көп адам келетін мұражай. Оны жыл сайын 130 мың адам тамашалайды. Мұражай дирекциясы жыл сайын түрлі тақырыптарда 100-ге жуық лекциялар өткізіп, 30-дан астам көрме, акция және мәдени-танымдық бағдарламаларын ұйымдастырады.
Қазақстандағы және Орталық Азия аймағындағы ең көне және ірі мұражайлардың бірі. Қор коллекциясында 300 мыңға жуық зат бар.