Пикник және серуендеу үшін тамаша жер
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/Алмарасанское-ущелье.jpg)
Бұл жер туризм үшін, асқар шыңға өрмелеуден гөрі таза ауада, жалғызаяқ жолдармен жаяу серуендеуді ұнататындар, айнала табиғаттың сұлулығына тамсанып, содан нәр алуды ұнататындар үшін таптырмас мекендердің бірі. Шатқал Алматының оңтүстік-батысында жатыр. Оған бару үшін Навои көшесімен жоғары қарай жүру қажет. Шатқал Іле Алатауының солтүстік бөктерінде жатыр. Шатқалдан екі өзен: Проходная және Казачка өзендері ағып өтеді. Қалаға жақындаған тұста өзендер қосылып, Үлкен Алматы өзенін құрайды.
Серуендеуді сүйетіндер үшін қайнар бұлақ
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/Алмарасанское-ущелье-1-1.jpg)
Шатқал теңіз деңгейінен 1780 метр биіктікке орын тепкен. Мұнда қызықты әрі колоритті пейзаждың небір көріністерін кездестіресіз. Солардың бірі — Аюсай сарқырамасы. Жылы, күкіртті бұлақ суына қалаған адам шомылуына болады. Ежелгі аңыздарға құлақ түрсек, әйгілі хан Темірланның әскерлері дәл осы бұлақ суын ішіп емделген деседі.
Ағаштар, бұталар және қалғыған тыныштық
![](https://visitalmaty.kz/wp-content/uploads/2022/07/Алмарасанское-ущелье-3.jpg)
Алмарасан шатқалына барып, айнала қоршаған шыршалы ормандардың, кереметтей қайыңды нулардың көрінісінен, итмұрын, бөріқарақат, таңқурай, долана, шырғанақ секілді дәмі тіл үйірген жеміс-жидектерден ләззат алуға болады. Қаланың мезі қылған күйбең тіршілігінен алыста, табиғат аясындағы тыныштықта демалуды қалайтындар үшін бұл ең оңай әрі ұнамды мекендердің бірі.