Оңтүстік астана өзінің тұрғындары мен қонақтарын бір жерге жинайтын фестивальдерімен танымал. Әдетте фестивальдарда әртүрлі гастрономиялық эксперименттер өткізіледі, жақсы музыка ойнайды және мұның бәрі отбасы мен достар арасында тамаша уақыт өткізудің себебі болып табылады. Мұндай мерекелердің қатарына: Вкусная Алма-Ата, Арба Wine, FourЭ, Алматы кинофестивалі, Қала күні, Алматы туры, The Spirit of Tengri, Құрбан айт, Наурыз, Алматы Марафоны кіреді.
Вкусная Алма-Ата
Тамақ фестивалінен артық не болуы мүмкін? Барлығы тамақты жақсы көреді, солай емес пе? Дәл осы фестиваль барлық гурмандарды және жай ғана әуесқойларды бір кеңістікте біріктіреді. Бұл іс-шараның бағдарламасы өте қызықты, өйткені оған тамақ фотосы бойынша сабақтар, үстел теннисі бойынша турнир, краб таяқшаларын жеу бойынша чемпионат және т.б. кіреді.
Биыл бұл дәмді фестивальге 7 жыл толады және жыл өткен сайын бұл шараның танымалдылығы артып келе жатқанын мойындау керек.
Arba Wine
Arba Wine немесе Егін жинау фестивалі – бұл өмірдің барлық ләззаттарын: жанды музыка, дәмді тағам, шымырлайтын шарап және түрлі шоу-бағдарламаларды тамашалауға болатын оқиға. Шарап жасау процесіне барлық адамдар қызығушылық танытпайды. Бірақ егер сіз оған қызығушылық танытсаңыз немесе шарапты жақсы көретін болсаңыз, Arba Wine сізді әр жаз мезгілінде үлкен шыдамсыздықпен күтеді. Бұл іс-шара барлық үздік мейрамханалардың Arba Wine алаңының фуд-кортында өз тамақтарын ұсынатындығымен танымал, ал ең қызығы – әуе шарымен ұшу. Әр жазда қала тұрғындары бақыт, махаббат пен қуаныш сыйлайтын осы фестивальге баруды асыға күтеді.
FourЭ
FourЭ – бұл жыл сайын Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары тамашалайтын ашық аспан астындағы демалыс. Бұл фестиваль қаладағы барлық өткізілетін іс-шаралардың ішіндегі үздіктердің бірі болып табылады, өйткені ол бүкіл ТМД бойынша ең танымал Open Air фестивальдерінің үштігіне кіреді. Іс-шараның бағдарламасы Ашық аспан астындағы концерттерден, қолөнершілер жәрмеңкесінен және рухани даму алаңынан тұрады. Сонымен қатар, келушілер күндіз-түні осында бола алады, өйткені фестиваль тоқтаусыз режимде өтеді. Бұл фестиваль қарапайым адами құндылықтарды бағалайтындар үшін ұйымдастырылған.
Almaty Film Festival
Бұл 2019 жылы Алматыда екінші рет өткен әлемдік деңгейдегі халықаралық кинофестиваль. Фестиваль тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ шетелдік көптеген талантты актерлер мен продюсерлерді біріктіреді. Сонымен қатар, іс-шараның бағдарламасы өте қызықты және адамдарды түрлі іс-шаралармен, мысалы, фильмдердің салтанатты премьералары, фильмдер мен актерлер конкурстарымен қызықтырады. Алматы Қазақстанның мәдени және туристік мегаполисі болғандықтан, мұндай фестивальдер қаланың дамуы үшін өте пайдалы.
Қала күні
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде оңтүстік астананың тұрғындары Қала күнін атап өтеді. Қаланың атмосферасы бұл мерекесіз де көңілді және қанық, бірақ қыркүйек айы алматылықтарды сұлулыққа, өнерге, әсіресе музыкаға байланысты мерекелік бағдарламалармен қуантады. Егер сіз Алматыға қыркүйек айында келген болсаңыз, сіздің ең сәтті уақытыңыз деп есептеңіз, өйткені сіздің алдыңызда жарқын және керемет әдемі басқа Алматы болады.
Алматы Туры
Жетінші рет қатарынан Алматы қаласында 2019 жылы әлемдік деңгейдегі ауқымды тур – Алматы туры өтті. Бұл іс-шара әлемдік велоспорттың дарынды кәсіби мамандарын жинайды және сол арқылы Алматы қаласының туризмін дамытады. Жарыстың өзі 2 күнге созылады және 2 кезеңнен тұрады. Веложарыстың бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 118 шақырымды құрайды. Ал екінші кезеңі – 160 шақырым және таныс бағыт бойынша өтеді. Бұл тур өте танымал және маңызды болып саналады, өйткені оған Винченцо Нибали, Джейкоб Фульсанг, Луис Леон Санчес, Фабио Ару, Алексей Луценко және басқа да көптеген жұлдыздар қатысқан.
The Spirit of Tengri
Орталық Азияда көптеген фестивальдер өтеді, бірақ олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – «The Spirit of Tengri». Tengri ашық аспан астында өтеді, барлық көрермендерге ерекше атмосфера сыйлайды. Фестиваль 80-нен астам елдің көптеген талантты суретшілерін Ұлы даланың заманауи этникалық музыкасымен таныстыру үшін біріктіреді. 2012 жылдан бастап «The Spirit of Tengri» көшпенділер философиясына өз есігін ашатын Алматы қаласының «визит карточкасына» айналды. Бұл оқиға тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ әртүрлі континенттер халықтарының энергиясын жеткізеді.
Құрбан айт
Ислам – негізгі әлемдік діндердің бірі. Мұсылмандардың көптеген мерекелері бар, бірақ Ораза мен Құрбан айт ең маңыздылары болып саналады. Құрбан айт немесе құрбандық шалу мерекесі – мұсылмандардың қасиетті мерекесі. Мереке Рамазан айынан кейін 70 күн өткенде келеді және 4-5 күн тойланады. Сол күндердің бәрінде мұсылмандар Исламда пайғамбар болып саналатын Ибраһимнің құрбандығын еске алып, қошқар сойылады. Құрбан айтты тойлау күндері әртүрлі елдерде әртүрлі, өйткені мұсылман күнтізбесі Григориан күнтізбесінен 10-11 күнге аз, бар болғаны 354 күнді қамтиды.
Наурыз
Қазақтар өте қонақжай халық, мерекелерді өте жақсы көреді. Қазақстандағы мерекелердің саны алуан түрлі болғанымен, халқымыз үшін ежелден маңызы зор мерекелердің бірі – Наурыз. Бұл жыл сайын 22 наурызда өтетін мереке. Наурыздың келе жатқан Жаңа жылды қарсы алу үшін барша туыстарды бір дастархан басына жинайтын ерекше құдіреті бар. Бұл күні халық бір-бірін құттықтап, дәстүрлі Наурыз көже асын әзірлейді. Бұл тағам ет, су, ұн, сары май, тары, тұз және сүт сияқты ингредиенттерден дайындалады. Бұл мерекеде негізінен қолданылатын дәстүрлі сусын – қымыз да бар. Бұл бие сүтінен жасалған сүтті сусын.
Наурыз – қазақтардың ғана дәстүрлі мерекесі емес, сонымен қатар Орталық Азияның көптеген елдерінің мерекесі. Ол Грузия, Үндістан, Иран, Қытай, Түркия және басқа да елдерде атап өтіледі.
Алматы Марафоны
Алматылықтар – нағыз спортшылар және өз денсаулығына қамқор болғанды ұнатады. Бұл жағдайда қала тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін жасалған оқиғалар ауқымы өте кең. Солардың бірі – Алматы марафоны. Бұл 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен спорттық марафон. Марафонның ерекшелігі – қайырымдылық, және одан түскен барлық табыс науқас адамдардың көмегіне жұмсалады. Жыл сайын мамыр немесе сәуір айларында қаланың марафоншылары физикалық дайындыққа кірісіп, барлық күштерін жинап, жүгіруге барады. Бұл іс-шара алғаш ұйымдастырылғаннан бері қатысушылар саны үш есеге артты. Бұл марафонның жақсы ұйымдастырылғанын және тұрғындар арасында өте танымал екенін білдіреді.