«Алтын шаршы» бойынша шолу:
- 1) Төлебаев көшесі – серуеніңізді қазақ композиторы және КСРО Халық әртісі Мұхтар Төлебаевтың құрметіне қойылған ескерткіштің жанындағы «Жетісу» субұрқағынан бастаңыз. Көлеңкелі аллеямен келе жатып, Қазақстанның зиялы қауымы тұрып, өмір сүрген аумақты аралап өтесіз, оған дәлел ретінде ғимараттардың қасбеттеріндегі ескерткіш тақталардан көре аласыз. Қызықты факт, дәл осы көшеде 1988 жылы Рашид Нұғман «Игла» фильмінің соңындағы әйгілі кадрды түсірген. Қазір сол жерде музыкант, фильмнің басты кейіпкері және «соңғы кейіпкері» Виктор Цойға ескерткіш орнатылған.
- 2) Қонаев көшесі – Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне аталған. Көше Қазақстан Ғылым Академиясының іргелі ғимараты арқылы, Д.Қонаевтың мұражай-пәтеріне дейін өтеді, онда Сіз Қазақ ССР-нің бірінші тұлғасының өмірімен таныса аласыз. Сонымен қатар, жолда сіз Қонаев басшылығы кезінде салынған Орталық Азиядағы бірегей және ең үлкен моншалардың бірі – «Арасан» моншасына бара аласыз.
- 3) Абылай хан көшесі – Сіздің маршрутыңыз ескі теміржол вокзалынан және көшенің соңында орналасқан сәулет ескерткіші – Алматы-2-ден басталуы мүмкін. Немесе кеңестік модернизмнің айқын үлгісі және қаланың ең ірі «білім сақтаушыларының» бірі – Республиканың Ұлттық кітапханасынан бастауға болады. Сонымен қатар, сәулет өнерін сүйетіндер үшін жолда Сіз қаланың астаналық өткенін еске салатын Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимараттарымен кездесесіз.
- 4) Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі – Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шыққан жаңа мәдени орын. Жылы уақытта көше көңілді, ашық түстермен, жанды музыка мен күлкіге толы болады.
- 5) Жібек Жолы жаяу жүргіншілер көшесі (Арбат) – қайта жаңартудан кейін жаңа өмірге ие болған алғашқы жаяу жүргіншілер көшесі. Бұл орын әрдайым суретшілерді, қолөнершілерді, музыканттарды және Алматының шығармашылық өмірінің басқа да өкілдерін тартады. Мұнда мәдени іс-шаралар мен жәрмеңкелер өткізіледі, онда сіз кәдесыйлар сатып ала аласыз.
Театрлар мен мұражайлар қаласы:
- 1) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 1941 жылы құрылған және бүгінгі күнге дейін қаланың орталық символдарының бірі болып табылады. Ғимарат классикалық стильде орындалған және қасбетінде қазақ ою-өрнектері мен барельефтермен безендірілген. Абай театры – бұл театр өнерінің ұлттық, сондай-ақ әлемдік классикасын тамашалайтын орын.
- 2) М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры – жан дүниені мәдени қанықтыратын тамаша орындардың бірі. Мұнда Қазақстанның үздік әртістері өнер көрсетіп келеді, олар сіздерді бұл спектакль қаһармандарына жанашырлық танытып, көрермендердің ешбірін бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.
- 3) Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы – Орта Азиядағы ең ірі мәдени орталықтардың бірі және Қазақстандағы жалғыз өнер мұражайы. Мұнда Қазақстан, Еуропа және Азия суретшілерінің 25 000-нан астам жұмыстары жинақталған. Мұражай коллекциясы өзінің әртүрлілігімен таң қалдырады және келушілердің қиялын кеңейтеді. Галереяға барғаннан кейін мұражай аумағында орналасқан ашық аспан астындағы мүсіндер саябағына баруға кеңес береміз.
- 4) Алматы музейі – қаланың тарихи ғимаратында орналасқан заманауи, интерактивті мұражайға келушілер Алматы қаласының Жетісудағы ежелгі қоныстан бастап, ерте темір ғасыры дәуірінен қазіргі заманғы мегаполиске дейінгі дамуы мен қалыптасуын тамашалай алады.
- 5) Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайы – сіздің бүкіл Қазақстан бойынша саяхаттауға уақытыңыз болмаса, сізге міндетті түрде Орта Азиядағы ең үлкен мұражайлардың бірі-Қазақстанның Орталық мемлекеттік мұражайына бару қажет. Мұнда біздің республикамыздың алғашқы әлемнен Қазіргі Қазақстанға дейінгі барлық кезеңдері жинақталған. Мұражайдағы ерекше орын бүкіл әлемдегі санаулы адамдардың бірі болып табылатын сақ алтынының коллекциясы болып саналады.
- 6) Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайы – Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі ұлттық музыкалық аспаптарға маманданған әлемдегі, сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз мұражай. Мұнда ұсынылған экспонаттардың әрқайсысы қандай дауыс шығаратынын естіп, Ұлы дала музыкасына «терең ену» мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар, Алматы мұражайы сияқты, Халық музыкалық аспаптар мұражайы 1908 жылы салынып, Алматының тарихи ғимаратында орналасқан, бұл келушілердің көңілінен шығады.
- 7) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясы бүкіл Қазақстанның ғылыми орталығы болып табылады. Дәлдік және жаратылыстану ғылымдарының сан алуан саласында ұлт санасы жұмыс істейтін орын. Академияда баруға болатын 4 түрлі мұражай ашық: археологиялық, табиғи, Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы және сирек кітаптар мұражайы. Егер сіз жақын маңда болсаңыз, мұражайлардың артефактілері мен түрлі экспонаттарын зерттеуге уақыт бөлуді ұсынамыз.
- 8) Кеңестік мүсін саябағы – Кеңес дәуірін ұнататындар үшін қалада бір кездері Алматының орталық алаңдары мен көшелерін басып алған КСРО көсемдері, революционерлері мен ақындарының ескерткіштері сақталған саябақ бар. Мұнда Сіз Ленин, Калинин, Горький және сол кездегі көптеген басқа саяси және мәдени қайраткерлерге ескерткіш табуға болады.
Рухани Алматы:
- 1) Орталық мешіт – шамамен VIII ғасырдан бастап ислам қазіргі Қазақстан аумағында тарала бастады. Содан бері халықтың көп бөлігі өздерін мұсылмандарға жатқызады, алайда бұл басқа конфессиялармен үйлесімді және бейбіт қатар өмір сүруге кедергі келтірмейді. Егер Сіз қаланың төменгі бөлігінде, әйгілі Көк Базардың жанында болсаңыз, оңтүстік астананың басты, Орталық мешітін тамашалау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
- 2) Вознесенский соборы – Алматының Свято-Вознесенский кафедралды соборы, 1907 жылы тұрғызылған және қаланың бай тарихы мен мәдени әртүрлілігіне деген ерекше қарым-қатынастың көрінісі болып табылады. Собор әлемдегі ағаштан салынған ең биік ғимараттардың тізіміне кіреді.
Қосымша ақпарат:
- № 1 кеңес: осы ақпаратты оқып отырып, кейде қаланың “жоғарғы” және “төменгі” бағыттарын атап өтетінімізге назар аударыңыз. Өйткені, Алматының оңтүстік бөлігі биік жерде орналасқан және тегіс солтүстік бағыттағы жазық жерге ауысады. Қалада сіз өз жолыңызды жылдам табуға көмектесетін навигация элементін жиі кездестіресіз.
- №2 кеңес: Алматының тарихы тереңге кетеді, алайда құрылыстың бас жоспары 20 ғасырдың басына келеді. Осыған байланысты көшелер қиылыстар торы түрінде жобаланған. Осылайша, егер сіз үй нөмірінің орнына екі көшенің қиылысын сілтеме ретінде атайтынын естісеңіз, таң қалмаңыз.