Стадион тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында құрылған «Динамо» футбол клубының қалыптасуында басты рөльді атқарған Алматы футболының тарихымен тікелей байланысты.
Клуб 1936 жылдары құрыла отыра, «Динамо» спорт қоғамына кірді. Осы қоғамның негізінде сол жылдары Кеңес Одағының қалаларында көптеген командалар құрылды. 1936 жылы «Динамо» ҚазССР Кубогын, ал келесі 1937 жылы ҚазССР чемпионатын жеңіп алды.
Сол 1937 жылы КСРО чемпионатында қазақстандық клубтың алғашқы өнер көрсетуі өтті. Алма-Ата «Динамо» 3-ші КСРО чемпионатының «Города Востока/Шығыс қалалары» тобында өнер көрсетіп, онда үшінші орынды иеленді.
1940 жылы «Динамо» дене шынықтыру ұжымдарының (елдің 312 қаласының атынан 2100 команда ) арасында тарихтағы алғашқы КСРО Кубогының иегері болып фурор тудырады. 1954 жылы «Динамо» базасында «Қайрат» клубы құрылды, ал «Динамо» атауы қаланың футбол картасынан 1993 жылға дейін жоғалып кетті. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан кейін клуб 1993 жылы қайта құрылды және сол жылы Қазақстан чемпионатында бір маусымды ойнаған соң таратылды.
Алма-Атадағы «Динамо» спорттық қоғамы чекистерді, милиционерлерді, өрт сөндірушілерді, қызыл әскерлерді физикалық жетілдіру мақсатында құрылды. Осы сарында 1931 жылы «Динамо» стадионы салынды.
Сол жылдары Алма-Ата «Динамо» Орта Азия мен Қазақстан біріншілігін бірнеше рет жеңіп, Жоғары лига командалары арасында КСРО Кубогының төртінші финалында өнер көрсетіп, Қазақстанның жанкүйерлерінің қуанышы болды. 1946 жылы Орта Азия және Қазақстан республикаларында футбол чемпионаттарында сіңірген еңбегі үшін «Динамо» командасы Кеңес Одағының “Б” класы бойынша біріншілігіне қосылды. Дәл осы «Динамо» КСРО заманындағы Қазақстанның ең танымал клубы — алматылық «Қайрат» клубының негізін қалаушысы болды.
«Динамо» стадионында ағаш сәкелері орнатылған үлкен трибуна, табиғи газон төселген футбол алаңы және оның айналасында жүгіруге арналған жол, шешінетін орындары мен әкімшілік кабинеттері бар трибуна астында орналасқан бөлме, бірнеше спорттық снарядтар мен үлкен жарықтандыру діңгектері (4 дана) бар.
Бүгінгі күні стадионда футболдан және жеңіл атлетикадан көптеген қалалық және мемлекеттік жарыстар өтуде. Сондай-ақ, стадион аумағында полиция қызметкерлері дене шынықтыру сабақтарын өткізеді.