MEGA Alma-Ata

Мегаполистегі ең танымал сауда орталығы әрі бүкіл әлемге танымал компаниялардың көпшілігі үшін Қазақстандағы бірінші нөмірлі алаң. ZARA, New Yorker, Armani Jeans, Marc O’Polo, Monsoon Accessorize, Baldinini, Starbucks, Burger King, KFC, Hardee’s сияқты көптеген брендтер өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкенін дәл осы жерден ашқан.

MEGA Alma-Ata СОО — BREEAM In-Use International халықаралық сертификатын алған Қазақстандағы алғашқы сауда және ойын-сауық орталығы.

Марапаттары

BREEAM In-Use — бірегей сертификаттау бағдарламасы пайдаланылып отырған ғимараттардың жылжымайтын мүлік нысандарының тиімді пайдалану және қызмет көрсету нормаларына сәйкестігін бағалау мүмкіндігін береді. Жобаға басқару, денсаулық және жайлылық, су, экологиялық материалдар, энергия үнемдейтін технологиялыр, т.б. санаттары бойынша VERY GOOD бағасы берілді. MEGA Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығы Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталған.

Сондай-ақ қараңыз