Күйзелістереге толы қазіргі әлемде ат үстінде серуендеу турлары – рахаттанып демалудың бір түрі. Тіпті, иппотерапия сияқты оңалту түрі бар. Алматыда атқа мінуге ұсыныстар жеткілікті. Өйткені, көшпенділердің ұрпақтары «генетикалық деңгейде» шабандоздар болып келеді, ал климат пен табиғи ландшафттар осы бағыттың дамуына тек жақсы ықпал етеді. Жылқыны жақсы көретін әуесқойларға клубтар, мектептер, атқа міну орталықтары қызмет көрсетеді. Oi-Karagai ат спорты орталығын, Shymbulak Horse Riding клубын, Qazaq riders-ты, Алматы WOW RIDERSат спорты клубын атап өтуге болады. Сонымен қатар, әдетте, саяхатшы-шабандоздар қазақтардың мәдени дәстүрлерімен танысады, көшпенділердің қалай өмір сүргенін үйреніп біледі, ұлттық тағамдардан дәм татады, садақ атып, фотосессиялар ұйымдастырады.