During his working visit to Almaty, the Алматыға жасаған жұмыс сапарында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қаланың туристік әлеуетінің дамуымен танысу мақсатында Visit Almaty туристік хабын келіп көрді.

Биыл қараша айында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында ашылған Visit Almaty жаңа туристік хабын аралау барысында, Премьер-Министрге консультациялық орталықта әрбір турист өзіне қажетті бүкіл ақпаратты алу мүмкіндігіне ие екендігі, оларға карталар, жол көрсеткіштер, тауға апаратын бағдарлардың атластары, туристік операторлардың брошюралары, мәдени шаралардың анонстары, т.б. берілетіні айтылды. Бұдан тыс, консультанттар туристер заңға, денсаулығына байланысты кезігуі мүмкін қиындықтарды шешуге, шұғыл көмек көрсетуге, керек жерге, мәселен, «Көктөбеге» қалай баруға болатынын айтуға дайын екені жеткізілді. Орталықта 11 айда 25,2 мың туриске консультация берілді. Бақытжан Сағынтаев туристерге арналған ақпараттық орталықты аралады. Фотозона киіз үйінің алдында Qazaq Oner қолөнер орталығының директоры Айгүл Жансерікова жаңа киіз үйді таныстырып, хабтың оңтайлы жерге орналасқанын айтты. Мұнда қаланың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар іске асырылады, өңірдің бәсекеге төзімділігі талданып, туризмді дамыт мүмкіндіктері қарастырылады. Орталық аумағында ұлттық стильмен әшкейленген жеті танымдық аймақ ашылған, сондай-ақ туристерге арналған коворкинг алаңы да бар.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің айтуынша, үздіксіз жұмыстардың арқасында қаладағы туристер саны биыл былтырғымен салыстырғанда 11% өскен. Қазақстанға келген туристердің шамамен жартысы – 43,6%-ы Алматыға келген. Атап айтқанда, 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алматыға келген туристердің саны 503 мың адамға жеткен..

Еске сала кетейік, Елбасы туризмді дамытуға ерекше назар аударып келеді. «Төртінші өнеркәсіптік революцияжағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ішкі және сыртқы туризмді дамыту кез келген өңір үшін мол табыс көзі екені атап көрсетілген. Бүгінде әлем бойынша әр оныншы жұмыс орны осы салада ашылып отыр. Үкімет те шетте қарап қалған жоқ, туризм саласын дамытуға тосқауыл болатын кедергілерді жою бойынша да біраз жұмыс атқарылды. 2019 жылы алғаш рет 2023 жылға дейінгі Туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаның басты көрсеткіші туризмнің ЖІӨ мөлшеріндегі үлесін 8%-ға дейін арттыру болмақ.

Блог