Отбасымен демалу дәстүрлері
Әрбір алматылықтың «Рамстормен» байланыстыратын естеліктері бар. Оның жұрт түсінігіндегі ритейлі осы сауда кеңістігінде қалыптасты. Демалыс күндері бала-шағамен келіп демалатын шопинг, кино, сырғанау, көңіл көтеру, басқосу, бірге тамақтану секілді дәстүрлер алғаш рет осы жерден бастау алды. Киноға кіріп, коньки тебу үшін жоғары сынып оқушылары мен студенттер осында ағылып келетін. «Рамстор» Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қонақтар үшін мәдени бағдарламаның бір бөлігі болды.
«Рамстор» — тәуелсіз Қазақстанда салынған алғашқы сауда орталығы. Ол 1999 жылы есігін ашты.
Қайта жаңғырған аңыз
2018 жылы алматылықтар және қала қонақтары өздерінің сүйікті, бірақ енді жаңа «Рамсторымен» қайта қауышты. Жаңарған орталық көп функциялы «Ramstorе All In» кешені ретінде ашылды. Өз кезегінде кешен келушілердің әрқайсысын құрметпен қарсы алып, сыйлықтар ұсынды, ойын-сауық және әсем әндерді тарту етіп, жағымды әсер қалдырды. Жаңғырту жобасы бұрынғы ғимаратты күрделі жөндеу арқылы іске асырылды. Қазірде кеңселер, дүкендер, мейрамханалар, супермаркет, ортасындағы бақ жыл-он екі ай гүлдеп тұратын ауласы бар «Ramstorе All In» бұрынғыдан да ажарлана түсті.