Тұйықсу қақпасы


Жол бойындағы негізгі нүктелер

Қақпа деп Кіші Алматы өзені шатқалының алаңқайын айтады, ол әйгілі Шымбұлақ тау-шаңғы курортының жоғарғы жағында орналасқан. Әдетте туристер оған бару үшін Шымбұлаққа дейін арқанжолмен барып, ары қарай тауға өрмелеген жолмен жүріп кетеді. Қақпа Альпенград пен «Тауда қаза тапқандарға арналған мемориалдан» жоғарыда, Мыңжылқы тоғанына барар жолда орналасқан. Абай шыңына, Октябрь жартастарына шығатындар да осы жолмен жүреді.

Әйгілі «Бастиондардың» көршісі

Қақпа деп аталуына, жартастардың оң және сол жағасында орналасқан екі биік жартас себеп болған. Жартастар шынында да қақпаның екі жаққа қарай ашылатын жармаларына ұқсайды. Қақпа маңындағы «далбаланған» жартастарды «бастиондар» деп атайды. Шатқалдың бастиондарға қарама-қарсы бетінде ежелгі мұздықтар мұнартады. Оларды «Қой маңдайы» деп атайды. Бастиондарда әуесқой және кәсіпқой альпинистер жаттығу жасап, жиі жарыстар ұйымдастырады.

Ұмытылмас көріністерді ашып...

Тұйықсу қақпасы — шатқалдың ең тар бөлігі. Қақпа оның шамамен орта тұсына орын тепкен. Осы жерден тұрып 1973 жылғы су тасқыны сиқын бұзып кеткен өзеннің арнасын айқын көре аласыз. Ал қақпаның артынан шыршалары көп ғасырлардан бері ну болып тұрған қылқан жапырақты ормандарды, көкке мойнын созып мұнартқан тауларды қаулап өскен альпілік көгалдарды, жартастарды, мореналарды, мұздықтарды көресіз.

Көлік

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау