Таңбалы тас


Орта ғасырлардың тарихи ескерткіші

Осы тарихи ескерткіште біздің заманымызға дейінгі XIV – XVI ғасырларда тасқа қашап жазылған суреттермен көмкерілген бірнеше үңгір бар. Мұнда жануарлардың бейнелерін, «күн адамдарының» - күн құдайы Тәңірдің символдарын кездестіресіз. Оның қызығы мұнымен бітпейді. Үңгірлерден Будда мен Бурхандардың (Бодхисаттва) кескіндерін, олардың жанында тибет халықтарына тән жазуларды көріп, жағаңызды ұстайсыз.

Суреттердің шығу тегі туралы аңыз

Будда суреттерінің пайда болуы туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ халық арасында есте жоқ ескі замандардан жеткен аңыз бар. Оған құлақ түрсек, ежелде осы маңнан керуен өтіп жатқанда кенет қатты зілзала болып, жартастар құлайды. Бұл Үндістанға қайтып кету туралы аспаннан берілген белгі еді. Керуеншілер құлаған жартастарға аспандағы құдайдан келген бұйрықты бейнелеу үшін осы суреттер мен жазуларды қашап жазып қалдырады.

Құпия сәуегейлік

Кей аңыздарға қарағанда, тасқа болашақтың болжамы қашап жазылған көрінеді. Ол үшінші дүниежүзілік соғыстың басталатын күні туралы хабар береді. Оған сенсек, 2004 жылдың 6 наурызында әлемді өзгертетін пайғамбар дүниеге келеді. Жалпы, Таңбалы таста сурет қашалған 18 тас бар. Суреттердің ішіндегі ең үлкені Будданың бейнесі. Буддистер сыйынатын бұл бейненің пайда болуы туралы нақты ештеңе білмейміз, дегенмен, бір кездері мұнда ашық аспан астындағы храм болғанын батыл жорамалдауға болады.

Көлік

Жеке көлікпен

Жол шамамен бір сағатқа созылады

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау