Әнші құм төбесі


Жаһанның жаңа кереметі

Табиғаттың таңғажайып ескерткіші және «Қазақстанның 7 кереметтерінің» бірі болып табылатын Әнші құм төбесі Алтынемел қорығының визит карточкасы дерлік. Ол Іле өзенінің оң жағалауында, Алматы қаласынан солтүстік-шығыста орналасқан. Құм төбенің ерекшелігі мынада, күн жауын-шашынсыз болғанда, парк үстінде ескен жел төбеге соғылып, ғажап әуен шығарады.

Табиғаттың таңғажайып әні

Алып құмды төбенің биіктігі 120 метрдей келеді, ол 3 шақырымға созылып жатыр. Төбеге аяңдай шыға берсеңіз, аяғыңыздың астындағы құм тая бастайды, құмды төбеден шыққан әуен ұшақтың гүрілін еске салады. Құм төбенің қалай пайда болғанын ешкім білмейді, ал құмның күшті желдің ықпалымен неліктен шашылып кетпейтіні әлі күнге ғаламат құпия күйінде қалып келеді.

Жаздың аптабындағы қысқы спорт

Құм төбенің жотасы мейлінше тік әрі биік болғандықтан, шаңғы және сноубордингті жаны сүйетіндер жазда да осында келіп, шаңғы теуіп жатады. Біраз адам Құм төбенің үстіне шығып, шаңғы тебудің шебері болып алған. 45 градусқа дейін қызатын жотамен төбеге шығу қиын болғанмен, сол қиындықты жеңіп шыққандарды соған лайықты марапат күтіп тұр — төбенің басынан шырайлы Іле аңғарының тамаша көріністері ашылады!

Көлік

Жеке көлікпен

Жол шамамен 3 сағатқа созылады.

Тур

По данному маршруту организовываются туры

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау