Көкжайлау


Алматылықтардың сүйікті жайлауы

Алматы қаласынан небәрі 10 шақырым жерде сұлулығын сипаттауға сөз жетпейтін Көкжайлау керіліп жатыр. Ол Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының арасына орын тепкен. Жайлауға екі жағынан: Казак шатқалынан немесе Медеу жақтан баруға болады. Көптеген туристер жайлауға бір жағынан келіп, екінші жағынан шығып кетеді. Көкжайлауды қайыңды және қарағайлы ормандар қоршап тұр. Асу жақта Талғар асуының шырайлы көрінісі көз тартады, ал айналасындағы мұнартқан шыңдар Көкжайлауды табиғаттың нағыз кемел туындысына айналдырған.

Табиғи алма музейі

Көкжайлау — аты аңызға айналған Сиверс алма ағашы табиғи жағдайда сақталған жерлердің бірі. Алматының әйгілі апорт алмасының арғы атасы болып табылатын Сиверс алмасы табиғи сақталған жерлер көп емес. Сирек кездесетін ағаш мемлекеттің ерекше қорғауында. Сіз алма ағаштары гүлдегенде немесе жеміс піскен кезде келсеңіз, мұнда қайталанбас әсерге бөленесіз. Дегенмен Көкжайлау жылдың төрт мезгілінде де кез келген адамды ерекше сұлулығымен баурап алады.

Тіпті жолды білмеген адам да оңай жете алады

Көкжайлауға бару қиын емес, оған тіпті балалар мен зейнеткерлер де бара алады. Жазда мұнда келгендер көбінесе шатыр тігіп, қонып қалады. Таудың таза ауасы, жабайы табиғаттың хас сұлулығынан ләззат алғанға не жетер дейсіз, шіркін! Мұнда әкелетін соқпақты ел арасында денсаулық соқпағы, емдік соқпақ деп атап кеткен. Сондықтан да мұнда туристердің қадамы үзілмейді. Тіпті, егер бірінші рет келсеңіз де, мұнда адасып қалмайсыз, жөн сұрайтын адамдар жетіп жатыр.

Ақпарат

Орташа чек 

 

Жұмыс кестесі

 

Көлік

12

«Қазақстан» қонақ үйінен «Просвышенец» аялдамасына дейін

Жаяу

«Просвышенец» аялдамасынан бастап

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

v
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау