Қаскелең шатқалы


Қала сыртындағы тыныштық немесе отбасымен демалатын арал

Шатқал Алматы қаласының батыс шегінен 25 шақырымдай қашықтықта орналасқан, ол Іле Алатауы Ұлттық паркінің құрамына кіреді. Қарапайым ғана табиғи мекен сұлулығымен кез келген адамды сүйсіндіреді. Қылқан жапырақты көлемді ормандар, таудан төмен қарай түсе бергенде саялы, жемісті ағаштарға айнала бастайды. Мұнда жас шыршаларды да кездестіруге болады, ал жеміс піскен маусымда бөріқарақат, өрік, жабайы алма, алмұрт секілді табиғаттың небір нығметтерінен дәм татасыз.

Жұмбағы мол Үйтас

Қаскелең шатқалының ең танымал әрі басты көрікті жерлерінің бірі — Үйтас. Сыртқы пішіні қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсағандықтан, бұл тасты жұрт осылай атап кеткен. Айналасы қолмен қашап жасағандай жұмыр тастың салмағы шамамен 500 тоннадай келеді. Бұл маңда дәл осындай табиғаттың ғажайып туындысын басқа кездестірмейсіз. Тастың тау бөктеріне қалай тұрып қалғанын немесе пайда болғанын, оған адам баласының қатысы бар ма, жоқ па — ол жағын ешкім білмейді. Үйтас ежелде мұзтас болған деген жорамал бар, ал кейбіреулер тастың маңында діни салт-жоралғылар жасалған деседі.

Жолға ертерек қамданыңыз

Шатқалға келген адам марал өсіру фермасында көңіл көтеруіне болады, алабалық шаруашылығына барып, сирек кездесетін өсімдіктердің тәлімбағын аралауына, «Анаға құрмет» музейіне барып, қазақ мәдениеті туралы мол білім алуына болады. Шатқалға барарда бас киім киюді ұмытпағайсыз, бұдан тыс, SPF-қорғанысы жоғары крем де қажет болады. Әйтпесе, күн сәулесі тау биігінде теріге қатты әсер етеді. Саңырауқұлақтарға да абай болыңыз. Мұнда саңырауқұлақтың көптеген түрі кездеседі, бірақ олардың кейбірі улы.

Көлік

Жеке көлікпен

Жол шамамен 1-1,5 сағатқа созылады

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау