Қайыңды көлі


Суға батқан ағаштар

Күнгей Алатаудың көк тіреген асқар тауларының ортасында, Саты кентінен 11 шақырым жерде орналасқан Қайыңды көліндей сұлулықты жер бетінің басқа түкпірінен табу мүмкін емес. Теңіз деңгейінен 1 667 метр биіктікте орналасқан көлге жалғызаяқ соқпақпен баруға болады. Көлдің аумағы шағындау — ең ұзын жері 400 метр айналасында, ал тереңдігі 30 метрдей келеді. Бірақ өзеннің үлкен-кішілігі емес, сұлулығы маңызды. Көл бетінен биікке көтерілген ағаштар, аңғардың шырайлы көріністері кімді де болса қызықтырары сөзсіз.
Қайындыда балық жоқ, бұл оның ерекшеліктерінің бірі. Көлде балықтар болған жағдайда табиғат сұлулығы осы күйінде сақталмас еді.

Көлдің пайда болуы

Табиғи процестердің өлшемімен алғанда, Қайыңдыны жас көлдер қатарына жатқызуға болады. Ол шамамен бір ғасырдай бұрын, жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болған. Алып тастар шатқалды бөгеп, қылқан жапырақты ағаштар жайқалып тұрған аңғар суға тола берген. Көл суы мейлінше салқын, тіпті жазда да оның температурасы 6 градустан аспайды. Мұздай су ағаштардың жайқалып тұруына мүмкіндік бермегендіктен, олардың діңі ғана қалған. Бұл көлдің айналасында жұмбақ көріністердің тууына себеп болған.

Туристерге танымал жер

Көл суының көкшіл түсі, қалғыған үнсіздік, меңіреу айнала айдын көлдің қайталанбас ортасына өзіндік үлесін қосып тұрғандай. Дәл осы ерекшелік көлдің туристер арасында танымал болуына жағдай жасаған. Көлге көптеген туристік саяхаттар ұйымдастырылады, Қайыңды турына кез келген туристік агенттікке барып тапсырыс беруге болады. Сәуірден қыркүйекке дейін көлдің маңына шатыр тігіп, қонуға болады, ал жайлылықты жаны сүйетіндер үшін Көлсай көлдерінің жанында жанға жайлы қонақүйлер әзір тұр.

Көлік

Жеке

Жол бір бағытта 3 сағаттай құрайды

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады.

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау