Фурманов шыңы


Ең қарапайым Алматы

Туристік шыңдардың ішіндегі ең танымалы — осы. Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 3200 метрге жетеді. Бірақ оған барар жолда ешқандай көшкін, тасқын қауіп төндірмейді әрі шыңға көтерілу үшін ерекше дене дайындығы мен арнайы құрал-саймандар да қажет емес. Таудың биігіне шыққанға дейін жол-жөнекей табиғаттың ғажап суреттері көз тартады, ал шың үстіне шыққандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Қанатты алтыбақан

Шыңның басына көтеріліп, түбі жоқ құздың үстіндегі алтыбақанда әдемі суретке түспесеңіз — саяхатым босқа кетті дей беріңіз! Бұл, әрине, қалжың, бірақ шынында да мұнда келіп алтыбақан тебу деген керемет қой, шіркін! Қанат бітіп, аспанда ұшқандай сезіну, таудың тамаша көріністерінен барынша ләззат алу және ыстық естеліктерді фотосурет түрінде мәңгіге сақтап, әлеуметтік желіде достарыңмен бөліскенге не жетсін!

Бақыт тілеген пирамидалар

Ел арасында тараған нанымға қарағанда, егер тауға шығып, тілек тілесеңіз, таудың тасын алып, бұзбай пирамидаға қойсаңыз, міндетті түрде тілегіңіз орындалатын көрінеді. Жол бойы суы таза, мөлдір өзен серігіңіз болады, сондықтан жолға қамданарда өзіңізбен ауызсу алудың қажеті жоқ. Таудың төбесінде тұрған адамның бір жағында өмір қайнаған қала, екінші жағында Іле Алатауының басын қар басқан асқар шыңдары мұнартады.

Көлік

Пешком

От катка "Медеу"

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау