«Көшпенділер» қаласы


Тым реалистік декорация

Бұл қала 2005 жылы көрерменге жол тартқан «Көшпенділер» фильмін түсіру үшін арнайы салынған. Қала адам қолынан туған туынды болғанмен, оның айналадағы пейзажбен біте қайнасып, барынша үндесіп тұрғанын көріп жаға ұстайсыз. Қазір бұл қалашықты «Көшпенділер қамалы» деп жиі атайды. Жыл сайын мұнда туристер ағылады. Өалашық Іле өзенінің жағасында, Қапшағай қаласынан 30 шақырымдай жерде орналасқан.

Қалашықтағы өмір

Кешен бір-бірінен ерекшеленген бірнеше құрылымнан тұрады. Олар XVIII ғасырға тән стильмен салынған. Қамалдың биік қабырғалары, мұнаралары, тұрғын кварталдар, «ежелгі» мұнаралы мешіт ерекше көз тартады. Қамалдың аумағында этнографиялық лагерь жұмыс істеп тұр. Мұнда арнайы шаралар, шеберлік сабақтары жиі ұйымдастырылып, бейнебаяндар мен фотосессиялар үздіксіз түсіріліп жатады.

Қиялдағы уақыт машинасы

Қамалға келген адам өзін уақыт машинасы арқылы бұрынғы заманға түліп қалғандай сезінеді. Мұнда орта ғасырлардың тұрғын алаптарын аралап жүріп, ат тұяғының дүбірін, қала тұрғындардың даусын естігендей күй кешесіз, жарқын бейнелер көз алдыңызға келіп, қайталанбас әсер қалдырады. Қалашықтан бөлек, Жетісу суларының ішіндегі ең үлкен өзеннің жағасында серуендеп, табиғат сұлулығынан нәр аласыз.

Көлік

Жеке көлікпен

Жол бір бағытта 1 сағаттай құрайды

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау