Алмарасан шатқалы


Пикник және серуендеу үшін тамаша жер

Бұл жер туризм үшін, асқар шыңға өрмелеуден гөрі таза ауада, жалғызаяқ жолдармен жаяу серуендеуді ұнататындар, айнала табиғаттың сұлулығына тамсанып, содан нәр алуды ұнататындар үшін таптырмас мекендердің бірі. Шатқал Алматының оңтүстік-батысында жатыр. Оған бару үшін Навои көшесімен жоғары қарай жүру қажет. Шатқал Іле Алатауының солтүстік бөктерінде жатыр. Шатқалдан екі өзен: Проходная және Казачка өзендері ағып өтеді. Қалаға жақындаған тұста өзендер қосылып, Үлкен Алматы өзенін құрайды.

Серуендеуді сүйетіндер үшін қайнар бұлақ

Шатқал теңіз деңгейінен 1780 метр биіктікке орын тепкен. Мұнда қызықты әрі колоритті пейзаждың небір көріністерін кездестіресіз. Солардың бірі — Аюсай сарқырамасы. Жылы, күкіртті бұлақ суына қалаған адам шомылуына болады. Ежелгі аңыздарға құлақ түрсек, әйгілі хан Темірланның әскерлері дәл осы бұлақ суын ішіп емделген деседі.

Ағаштар, бұталар және қалғыған тыныштық

Алмарасан шатқалына барып, айнала қоршаған шыршалы ормандардың, кереметтей қайыңды нулардың көрінісінен, итмұрын, бөрқарақат, таңқурай, долана, шырғанақ секілді дәмі тіл үйірген жеміс-жидектерден ләззат алуға болады. Қаланың мезі қылған күйбең тіршілігінен қажып, табиғат аясындағы тыныштықта демалуды қалайтындар үшін бұл ең оңай әрі ұнамды мекендердің бірі.

Көлік

Жеке көлікпен

Жол бір бағытта шамамен жарты сағат алады

28

Президенттік парктің алдындағы аялдамадан (Навои көш.)

Жаяу

№28 автобустың соңғы аялдамасынан

Тур

Бұл бағытта турлар ұйымдастырылады

Такси

Кез-келген қалалық такси Сізді шатқалға дейін әкеледі

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау