Троллей паркі


Азиядағы ең үлкен парк

Барша алматылықтарға белгілі «Орман ертегісі» курортының аумағында үлкендігінен жаға ұстайтындай аттракцион — Азиядағы ең үлкен, ал әлемде көлемі жағынан үшінші орында тұратын «Тянь-Шань рухы» троллей паркі бар. Оның құрамына 7 жол кіреді. Жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 3 километрге жетеді. Бір сым арқанның максималды ұзындығы 560 метрді құрайды — осы аралықтан зулап өткенше қаншама эмоцияға бөленетініңізді бір ойлап көріңізші!

Автомобильден де жылдам

Троллей паркін экстрим және өткір сезімдерді, жоғары жылдамдықты жаны сүйетіндер, өзінің батылдығымен төзімділігін тексеріп көргісі келетіндер бағалайды. Сіз шатқалдың үстінен 126 метр биіктіктен «ұшып» өтесіз, ал жылдамдығыңыз 100 км/сағатқа дейін жетеді. Парк орналасқан таудың бірегей сипаты осыны қамтамасыз етеді. Цифрлардың өзінен басыңыз айналады, ал сым арқанмен жүре бастаған кезіңізде қандай күй кешетініңізді енді ойлай беріңіз!

Стартқа апарар жол

Биікке, Ой-қарағай шатқалындағы бағдардың басына дейін көтерілу үшін 3 сағатқа дейін уақыт жұмсауыңыз мүмкін. Бұл жағы Сіздің дене дайындығыңызға байланысты. Жол бойы тәжірибелі гид Сізге Тянь-Шань таулары, бұл жердің табиғатының ерекшеліктері, мұнда мекендейтін жануарлар мен өсетін өсімдіктер туралы айтып береді. Жолда қаласаңыз тоқтап тыныстап аласыз. Ол үшін табиғаттың сұлу көріністерінен ләззат алатындай жер-жерде ыңғайлы күркелер дайын тұр.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау