Стендтік ату


Жүрегі кең аңшы

Бұл жүрегінде аң аулауға қызығушылық пен жануарлар әлемін аялау сезімі қатар жүретіндерге арналған көңіл көтерудің түрі. Мұнда Сіз өзіңіздің мергендігіңізді сынақтан өткізіп, шеберлігініңізді арттыру, күнделікті тіршілік күйбеңінен арылып, бой сергітіп қайту мүмкіндігіне ие боласыз. Бұдан тыс, кері тебу серпіні барынша азайтылған кәсіби қарумен атуға болады.

Сіз ойлағаннан қиынырақ

Ұшып бара жатқан тәрелкені атып түсіру сырт қарағандағыдан әлдеқайда қиын. Қозғалыстағы нысананың траекториясын, желдің бағытын, жылдамдығын, оқтың ұшу қашықтығын, осы секілді көптеген факторларды есептеуіңіз қажет... Нысанаға дәл тигізу үшін мейлінше дене дайындығы мен ақыл-ой ұшқырлығы талап етіледі. Тек үздік мергендер ғана оның үдесінен шығып, 10 тәрелкенің барлығын атып түсіре алады. Дегенмен жақсылап жаттығу жасаса, әркімнің-ақ мүмкіндігі болады.

Жеңіске жетуге 50 мүмкіндік

Қаланың маңында Сіз мергендік қабілетіңізді сынап көруге болатын бірнеше ату клубтары бар. Әдетте Сізге «ыстық қаруды сезініп», нысанаға дәл тигізуді үйренуіңіз үшін жеткілікті болуы тиіс 50 рет ату мүмкіндігін сатып алуды ұсынады. Мұнда досыңызбен бірге немесе жалғыз өзіңіз атып көруіңізге болады. Нысананы көздеуге көпжылдық тәжірибеге ие инструкторлар көмектеседі.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау