Парашютпен секіру


Құстай еркін болу сезімі

Экстремалдық көңіл көтерудің бұл түрімен айналысуға екінің бірі батылы бармайды. Өзіңізді қолға алып, дірілдеген тізеңізді жазып, аспанның ашық кеңістігіне шығу үшін қажымас қайрат пен аса батылдық қажет. Алған бетінен таймай, үрейін жеңіп өткендер лайықты марапатқа ие болады — аспандағы шексіз еркіндік, құстай самғау сіңірген еңбегіңіз еш кетпегенін көрсетеді.

Қауіпсіздік жағы

Әрине, мұндағы ең басты мәселе қауіпсіздік жайын болатыны айтпаса да түсінікті. Өйткені, қалай дегенмен де мұнда өмір мен өлім мәселесі қатар тұр. Сондықтан да парашютпен секіруге дайындалу кезінде құрал-сайманның ақаусыздығы, дайындығы, қауіпсіздік техникаларын білу, денсаулық, секіру жағдайлары — барлығын 100-ден артық мәрте парашютпен секірген тәжірибелі кәсіби инструкторлар ондаған мәрте тексеріледі.

Аэродром локациясы

Әуеге Алматының солтүстігіне орын тепкен Байсерке кентінде орналасқан аэродромнан көтерілесіз. Алматыдан шыққан адам оған көлікпен Қапшағай күре жолымен жүріп, 30 минутта жетеді. Секіруге 900 метр биіктіктен рұқсат етіледі. Ұшу кезінде инструкторлар сіздің қасыңызда болады. Аспанға көтерілу алдынан міндетті түрде 4 сағаттық инструктаждан өтесіз. Парашютпен секіру анадан жаңа туғандай сезімді сыйлайды. Ал Сіз бұған дайынсыз ба?
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау