Альпинизм


Альпинизм — өршіл рухтың қалауы

Адамдар тауға алғаш қарағаннан бастап мәңгіге ғашық болады. Соншама сұлу таулары мен шыңдары бар қалада тұрып, таудың ең биік шыңына шығып, соның басынан айналаға қарауды қаламау тіпті мүмкін емес. Қаланың түбінен басталатын таулар мен шыңдардың әрқайсысының күрделілік деңгейі де әртүрлі. Оның кейбіріне балалар да шыға береді, ал кейбіреуін бағындыру үшін ұзақ уақыт дайындалу қажет.

Шыңның бәрі Сізді күтеді

Алматы — альпинистер үшін нағыз жұмақтың өзі. Қаладан кез келген құрал-сайманды табуға болады, бұдан тыс, үнемі тауға шығатын кәсіби және әуесқой альпинистер клубтары да бар. Сондықтан тауға шығу үшін серіктерді оңай табасыз. Егер Сіз ешқашан альпинизммен айналысып көрмеген болсаңыз, кәсіби скалодромдардың бірінде алдын ала дайындалғаныңыз дұрыс.

Адамдардың ерекше түрі

Алматыдағы альпинизм — адамдар жүрегіне тауға деген сүйіспеншілік ұялататын ерекше мәдениет. Альпинизммен айналысатындар бір-біріне белгілі альпинистер тауда көрген таңғажайып тылсымдар туралы жиі әңгімелейді. Қалада тауға байланысты туған аңыздар біршама. Туристер де тау-тастың арасында тылсым елестерді, қаза тапқан альпинистердің дауыстарын естігендерін айтып жатады. Әрине, бұл рухсыз, әлсіздерге арналған спорт емес. Шыңды бағындыру үшін өзіңізге аса сенімді болуыңыз қажет.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау