Әуе шарымен самғау


Айтып жеткізгісіз сезімдер

Жердің бетін, тұмсық астындағы таңғажайып сұлулықты құстың үшқан биігінен тамашалау ләззатын, өзіңізді Жюль Верннің кітаптарындағы саяхатшылардай сезініп көріңіз. Бұл саяхат Сіздің мәңгі есіңізде қалатыны анық. Оның ыстық естелігін қыстыгүні аязды кештерде балаларыңызға, немерелеріңізге әңгімелеу жүрек жылуын сыйлайды.

Ұшу бағдарлары

Әуе шарымен саяхаттау — көңіл көтерудің ерекше түрі, нағыз романтика әрі ерекше сезімдерді сыйлайды. Саяхат ауа райы жағдайларына байланысты, шамамен 1 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Әуе шары Сізді алып Қаскелең шатқалынан – Ұзынағашқа дейін тауды баурайлап, төбелер мен адырлардың үстінен ұшып өтеді. Ақырын биікке көтеріліп, қаланың қауырт тіршілігінен қол үзе бұлттардың үстіне шығасыз да, күннің шуағынан нәр аласыз.

Ерекше сыйлық

Әуе шарымен серуендеу — ғашығыңызға сезімдеріңізді айтып, ең маңызды ұсынысты жасаудың тамаша мүмкіндігі. Әрі достарыңызбен қыдыру, жақын адамыңыз үшін ұмытылмастай кеш ұйымдастырып беру үшін таптырмас әдіс деуге болады. Ұшудың қауіпсіздігін тәжірибелі инструкторлар, жергілікті және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, өз ісінің нағыз кәсіби мамандары қатаң қадағалап отырады. Сондықтан қауіпсіздік жағын уайымдамасаңыз да болады.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау