Атпен серуендеу


Ат — қазақтың қанаты

Қазақ халқы жылқы малын ерекше сыйлаған. Кейбір ғалымдардың болжауына қарағанда, жабайы жылқыны адам баласы алғаш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілген. Қазақтар өнерде, тұрмыста, символизмде, музыкалық және ұлттық мәселелерде жылқы атаулыға басты орын беріп келген. «Ат — ер қанаты» деген мақалды ту ғып ұстаған қазақтар оны ер азаматтың серігі деп санаған әрі атқа қонған қазақ қашанда рухы көтеріліп, мерейі үстем бола түскен.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қазіргі заманғы Қазақстан аумағында жабайы аттың қолға үйретілуі басталды. Жылқылар көшпенді өмірдің негізі және қазақ халқының еркіндік символы болды.

Ана сүтімен

Қазақтар туа салысымен атпен етене жақын болып келген. Бала бес жасқа толған кезінен бастап ат мінуді үйреткен. Өсе келе көкпарға, бәйгеге қатыса бастаған. Қазірде де Наурыз мерекесін тойлау аясында атпен ойналатын көптеген халық ойындары, ұлттық спорт түрлерінің жарыстары өткізіледі. Отырықшы өмір салтына көшкенмен, ірі қалалардың бой көтергеніне қарамастан, аттың қазақ өміріндегі маңызы азаймаған. Біз Сізге ат мінуді үйрететін немесе жай ғана атпен серуендеуге болатын бірнеше кешенді ұсынамыз.

Атпен серуендеуге арналған үздік орындар

 

«Almaty Horse&Polo Club»

Ат спорты кешені Алматы қаласынан 35 шақырым жерде, Талғар қаласының сыртында, Шұбарағаш шатқалында орналасқан. Оның аумағында 3 атқора және жарысқа арналған орын бар. Онда салт жүріс, ат үйрету, конкур жаттығулары өтеді.

«Алтын тай»

Кешен Бутаковка шатқалында орналасқан. Оған әл-Фараби жаңғылынан көлікпен 22 минутта жетуге болады. Оның аумағында үсті жабық манеж бар. Манеж кәсіби тұрғыда жабдықталып, алаңына сапалы топырақ төселген. Мұнда ат мінуді үйрету мен кәсіби жарыстарды өткізуге бүкіл мүмкіндік жасалған.

«G&K Horse Dream GMBH»

Тура осылай аталатын неміс компаниясының толық құқылы өкілі. Үйрету орталығы ат пен адамның достығына қажеттінің бәрін ұсынады. Қазақстандағы алғашқы және жалғыз «Орман жағасындағы жұмақ» соқпағы жылқы мекендейтін жабайы табиғатқа барынша ұқсатып жасалған. Бұл соқпақтағы серуенді ерекше тартымды етеді.

«7 club»

Клуб қаланың сыртында, Қаскелеңге қарай 30 минуттық жолда орналасқан. Мұнда Сіз атпен жалғыз өзіңіз серуендей аласыз. Бір ерекшелігі, мұнда өз атыңызды баптауға да болады. Клуб емдікке атпен серуендеу үшін жас-кәріге бірдей абонементтер беріледі.

«Oi qaraqai Lesnaya Skazka»

«Орман ертегісі» қонақүй-көңіл көтеру кешенінің аумағында жекеменшік ат паркі бар. Әдеттегі ат мінуді үйретуден тыс, мұнда атты баптаудың қыр-сырын үйретеді, Тянь-Шань тауларының шатқалдарына ат турлары ұйымдастырылады. Турлар Сіздің қалауыңызға қарай 30 минуттан 6 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау