Авиасеруендеу


Адам баласының аяғы жетпеген жерлер

Алматының сұлулығын туристер ұшақтан түспей жатып-ақ көреді. Қалаға жақындаған кезде алыстан мұнартқан Іле Алатауының басын қар шалған шыңдары таңғажайып қаламыздың әрбір қонағын бірден баурап әкетеді. Дегенмен әдеттегі ұшақпен жай ғана ұшып келудің өзі жеткіліксіз. Өйткені ұшақпен таудың үстіне қонып, ең қызықты дүниелерді көру, таудың баурайында серуендеп, жабайы шыршаларды сипап көру мүмкіндігі болмайды.

Шағын маневрға қолайлы әуе көлігі

Бір күннің ішінде көптеген таңғажайып орындарды көріп, әлі күнге адам аяғы баспаған жерлерге барғысы келетіндер оңтүстік астананы шеттерін айнала әуеде серуендегені жөн. Ол үшін гироплан (автожир) — таптырмайтын көлік. Автожир винтті қондырғыға орнатылған таңғажайып ұшу аппараты. Онда нұсқаушымен немесе өзіңіз жалғыз (арнайы оқыған соң) самғай беруге болады.

Аспандағы мотоцикл

Автожирмен аспанда самғау арқылы алатын әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Аспандағы мотоциклдер» (автожирді ел арасында осылай да атайды) әуеде түрлі маневрларды жасауға қолайлы әрі әуеде түрлі пируэттерді жасауға да мүмкіндік береді. Бұл экстримді жаны сүйетіндерді міндетті түрде қуантады. Самғаудың орташа ұзақтығы — шамамен 15 минут.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау