ҚБТУ (Бұрынғы Үкімет үйі)


Оқиға ортасында

Ғимарат қаладағы ірі фестивальдар, концерттер, флэшмобтар, басқа да шаралар өтетін «Ескі алаңның» жиегінде орналасқан. Жуан колонналары сұңғақтана бой көтеріп тұрған алып ғимараттың жан-жағын субұрқақтармен қоршалған. Олардың суы атқылаған кезде ғимарат кешенінің тұтас ансамблі ерекше ажарлана түседі. Бұрын мұнда Үкімет үйі және Алматы облысының әкімдігі орналасты. Ал қазір ғимарат Қазақстан-Британия техника университетіне берілген.

Тарих беттерін парақтағанда

Ғимараттың жобасы 1938 жылы әзірленген болатын. Алайда кенет басталып кеткен Екінші Дүниежүзілік соғыс оның құрылысын біраз жылға кейін шегеріп тастады. Құрылыс жұмыстары 1946 жылы басталып, 9 жыл жалғасты. Біткен соң ғимараттың ішіне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесі, Компартия Орталық комитеті келіп орналасты. Бірақ 1980 жылы үкіметтік ұйымдардың барлығы «Жаңа алаңға» көшіп өткен соң ғимарат Алматы облысының әкімдігіне берілді. Ал 2001 жылы ғимаратқа Университет көшіп кірді.

Субұрқақтар туралы аңыз

Осы ғимараттың айналасындағы саябақтар жас жұбайлардың серуендейтін сүйікті жерлерінің бірі. Содан болар, егер келін той көйлегімен солтүстік жағындағы субұрқақтың шашыраған суының арасынан көйлегіне су жұқтырмай өте шықса, олардың некесі берік, шаңырағы биік болады деген сенім таралып кеткен. Оның ақиқатқа қаншалықты жанасымды екенін білмейміз, бірақ сәулетті ғимараттың алдындағы тойдың өзі игіліктің басы екені сөзсіз.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау