Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі


Қаланың мәдени жүрегі

Бүгінгі таңда Мемлекеттік өнер музейі — Қазақстандағы ең үлкен көркемөнер музейі әрі бейнелеу өнері саласындағы ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақтың даңқты суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі музейге 1984 жылы ғана беріліп, галереяға орталық кіреберістің алдында оның ескерткіші орнатылды.

Таңғажайып көркем коллекция

Музейдегі экспонат атаулының барлығын егжей-тегжейлі қарағыңыз келсе, онда ішпей-жемей, ұйықтамай, көз үзбей тамашаласаңыз да, бір аптадан көп уақыт жұмсайтыныңыз анық. Өйткені музей коллекциясында 23 мыңнан астам бірегей картина, мүсін, қолданбалы өнер туындылары бар. Басты экспозиция 2 қабат, 11 зал және 10 галереядан тұрады. Келушілер қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму тарихынан жүйелі түрде хабардар болуы үшін экспонаттар хронологиялық ретпен орналастырылған.

Белсенді ағартушылық қызмет

Музей уақытпен тыныстас дамып келеді деуге болады. Негізгі экспозициядан тыс, музейде қазақстандық және шетелдік суретшілердің, фотосуретшілердің, мүсіншілердің, сондай-ақ басқа да өнерпаздардың көрмелері жиі өткізіледі. Жасы мен қызығушылығы әр түрлі өнер өкілдерінің әлеміне тарта, музей ашық лекциялар, интерактивті шаралар және тақырыптық экскурсияларды үзбей ұйымдастырып отырады.

Ақпарат

Телефон

+7 727 394 57 15

Жұмыс кестесі

10:00 - 18:00.

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау