Абай атындағы МАОБТ


Тарихи анықтама

Театр 1933 жылы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының бұйрығымен құрылған. Театр ғимаратының құрылысы 1936 жылы басталып, 1941 жылы аяқталды. Ғимараттың сәулеткерлік шешімінде кеңес үкіметінің билік құрып тұрғанына қарамастан, ұлттық колориттің қолданылғаны таң қалдырады. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның бүкіл театр және кинематография элитасы осында эвакуацияланды. Сергей Эйзенштейннің «Иван Грозныйы» осында түсірілді, атақты прима Галина Уланова МАОБТ сахнасында билеп, Алматы хореография училищесінде дәріс оқыды.

Қазіргі репертуары

Театр сахнасында бүкіл әлемге әйгілі «Евгений Онегин», «Желіккен жесір», «Аида» операларын, ұлттық өнер туындыларына айналған «Абай», «Абылайхан», «Қыз Жібек» шығармаларын тамашалай аласыз. Көркем әрі дәстүрлі «Анна Каренина», «Щелкунчик», «Дон Кихот» балеттері, тағы басқа да көптеген қойылымдар ұмытылмас эстетикалық ләззатқа бөлейді.

Екінші Ұлы Отан соғысының кезінде, КСРО өнерінің элитасы Алма-атыға (Алматының ескі атауы) көшірілді. Сергей Эйзенштейн мұнда "Иван Грозныйды" түсірген.

Театр музейіне кіруді ұмытпағайсыз

Театрда, қойылымдардан тыс, оның Музейі де келушілерді жиі қызықтырады. Одан театрдың негізін қалаған тұлғалардың, саналы ғұмырын өнер жолына арнаған ұлағатты ұстаздардың фотосуреттерін, өз актерлар киген танымал костюмдерді, театр құрылған отызыншы жылдардан бері жиналып келген «афишалар залын» тамашалауға болады.

Ақпарат

Электрондық пошта

theatreabay@gatob.kz

Орташа чек 

 

Жұмыс кестесі

 

v
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау