28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ


Қаза тапқан батырларға ескерткіш

Саябақ Панфилов дивизиясының даңқты 28 әскерінің құрметіне осылай аталды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 28 панфиловшы Мәскеу түбіндегі шайқаста қалаға фашист танкілерінің кіруіне жол бермей, жойқын шабуылдарын тойтарды. Дивизияның тұрақты политругі Василий Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ – артымызда Москва!» деген сөзі кеңестік кезеңдегі тарих оқулықтарының бәріне жазылды.

Тарихта қалған тоғыз ат

Парк ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдары ескі моланың аумағында негізі қаланды. Оны Собор аумағына жалғап, «Қалалық бақ» деп атады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында саябаққа «Пушкин саябағы», «Құлаған күрескерлер саябағы», «Ленин атындағы саябақ», «Губкомпомарм бағы», «1 мамыр қоғамдық саябағы», «Кеңестік республикалар федерациясының саябағы», т.б. деген атаулар берілді. Қазіргі атауымен алғаш рет 1942 жылы аталып, содан бері Панфиловшылар саябағы ретінде елге танымал.

Саябақтың қазіргі өмірі

Қазір саябақтың аумағында әйгілі Вознесенск Кафедралды соборы, Панфиловшы батырларға қойылған ескерткіш, Мәңгілік алау, Қазақ халық музыкалық аспаптарының музейі, Артишок театры, тағы бірнеше мейрамхана орналасқан. Күндіз саябақта пони аттарына мініп, көгершіндерге дән себуге болады, кейбіреулер осында келіп қылқанды аллеяларды аралап, ертегідегі сияқты көлеңкелі жолақтармен жүргенді ұнатады.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау