Медеу


Әлемдегі ең биік мұз айдыны

«Медеу» мұз айдыны Алматы қаласының шекарасында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Кешенге барған адам Іле Алатауының мұнартқан асқар шыңдарын тамашалап, таудың таза ауасынан тыны алады. Жасы мен мамандығынан тыс, бүкіл алматылықтар осында келіп уақыт өткізгенді ұнатады. Медеу шатқалы осында ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, ауылдың негізін қалаған көшпенді адамның құрметіне осылай аталған.

Денсаулық баспалдағы

842 басқыштан тұратын әйгілі баспалдақ қала тұрғындарына да, қонақтарға да жақсы мәлім. Оған тоқтамай шығуға екінің бірінің шамасы келе бермейді, бірақ бөгеттің үстінен ғана ашылатын арқан жолдың, оның айналасындағы таулардың сұлу көріністері тәуекел етіп көруге тұрарлықтай.

Коньки айдыны

Коньки тебуге арналған мұз айдыны 1972 жылдан бері сырғанауды жаны сүйетін қауымның игілігінде. Жылына 240 мыңға дейін адам келетін айдынның ауданы 10,5 мың шаршы метрді құрайды. Сондықтан мұнда коньки спорты, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау секілді спорт түрлерінен ірі жарыстар жиі өткізіледі. Медеуде 200-ден астам рекорд, соның ішінде 123 әлемдік деңгейдегі рекордтар орнатылған. Айдынның мұз жабындысыың қалыңдығы 2,3 метрге жетеді. Тау биігінен алынған мөлдір тұнық судан жасалған мұз — құрамында тұз қоспалары жоқ ерекше химиялық туынды дерлік. Бұл сырғанаушылардың барынша жылдамдықпен зулауына, айдынның жұмсақ болуына жағдай жасайды.

Ақпарат

Телефон

+7 (727) 232 6848

Жұмыс кестесі

дүй: жабық Сей-жек: 10:00–23:00

Көлік

12

«Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы орналасқан аялдамадан

Такси

Кез-келген қалалық такси Сізді «Медеуге» дейін әкеледі

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау