Көктөбе

Қаланың сүйікті символы
«Көктөбе» саябағы — отбасымен серуендейтін, ғашықтардың кездесетін сүйікті әрі ең танымал орындарының бірі. Саябақ Көктөбе тауында, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Оған қаланың орталығынан көлікпен 10 минутта жетуге болады. Бірақ оған көпке танымал арқанжолмен көтеріліп, қала мен тау сұлулығының ерекше үйлесімін тамашалаудан ләззат алуға не жетсін?! Таудың төбесінен тек қала суреттерін ғана емес, сонымен қатар Іле Алатауының адам жанын баурап алар сұлулығын тамашалауға болады.

Танымал телемұнара

Тауда әлемге әйгілі телемұнара көкке бойын созып тұр. Оңтүстік астананың символдарының біріне айналған телемұнара Алматыға арналған ашықхаттардың, фотосуреттердің барлығының ажарын ашып тұр. Телемұнара әлемдегі ең биік мұнаралардың бірі болып табылады. Оның абсолют биіктігі 371,5 метр келеді. Ал таумен қоса есептегенде, оның төбесі теңіз деңгейінен 1452 метр биіктікте орналасқан. Өкінішке қарай, мұнара туристер үшін жабық, сондықтан да оны тек сыртынан ғана тамашалауға болады.

Серуендеуге арналған саябақ

Телемұнараның түбінде серуендеу мен көңіл көтеруге арналған әсем саябақ орналасқан. Онда шағын зоопаркты тамашалауға, Биттлз тобымен суретке түсуге, аттракцион тебуге, әйнекті лабиринтке кіруге, арқанды паркпен секіруге болады. Экстремалды сүйетіндер Fast Coaster шаналарымен 45 км/сағат жылдамдықпен төмен құлдилау мүмкіндігіне ие. Әрине, Көктөбеге шыққан соң, теңіз деңгейінен 1130 метр биіктіктегі шолу доңғалағына мініп, қаланы алақанға салғандай тамашаламай қайтуға болмайды!

Ойын-сауық

2001 жылы қала энтузиастары тобымен ТМД елдерінің арасындағы Битлс тобына арналған алғашқы ескерткіш Көктөбе саябағында орнатылды. Байқаулау платформалары мен мейрамханалардан басқа, саябақта кішкентайлар үшін және экстремалды спорт әуесқойлары үшін көптеген ойын-сауық ұйымдастырылған.

Ақпарат

Жұмыс кестесі

Жазда: жұмыс күндері 10:00 - 00:00, Демалыс күндері 10:00 - 01:00. Қыста: жұмыс күндері 10:00 - 22:00, Демалыс күндері 10:00 - 22:00

Көлік

Арнайы автобус

95, 121 қалалық автобустың "Көктөбе" атты соңғы аялдамасынан арнайы логотипі бар автобустар жүреді. Сапар 7 минутқа созылады.

Жаяу

Жаяу жол шамамен жарты сағатты құрайды. Ол жағымды эмоцияларға толы болады. Автобус аялдамасынан бастасаңыз жөн болар.

Аспалы жол

Республика Сарайынан бастау алатын аспалы жолды таңдасаңыз, 10 минуттан кейін сіз теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте боласыз.

Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау