Тәуелсіздік монументі


Тәуелсіздік монументі

Зәулім монумент 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап, егемендіктің бес жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш алматылықтар «жаңа алаң» деп атап кеткен Астана алаңының шетінде орналасқан. Ұлттық егемендік символын салу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төл идеясы болды. Монументтің авторлары: шығармашылық ұжымның басшысы Шота Уәлиханов, мүсіншілер: Әділет Жұмабаев, Нұрлан Далбай, сәулеткері Қазыбек Жарылғапов.

Көркемдік мәні

Тәуелсіздік монументі бірнеше күрделі элементтерден құралған. Сұңғақтанған архитектуралық мүсінге белгілі ғылым, мәдениет және саясат қайраткерлерінің қанатты сөздері рух беріп тұрғандай. Экспозицияның биіктігі 180 метрге жетеді. Композицияның айналасы, алаңның жиектері рельефті-скульпторлық қабырғалармен көмкерілген. Олар еліміз тарихының ежелгі кезеңдерінен күні бүгінге дейінгі аса маңызды оқиғаларын қамтиды.

Образдардың асқақ символизмі

Ескерткіш діңгегінің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне монументтің архитекторлық және мүсіндік шешімін толықтыра түседі. Дала данышпаны Абыз ата мен жүрегі мейірімге толы Жер-ана және олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символикалық мазмұнын ашумен қатар, оның ұлттық рухы мен сыр-сымбатын асқақтата түседі. Композицияның қақ ортасынан бой көтерген діңгек Қазақстан халқының асқақ армандары мен биікке ұмтылуын өрнектейді. Оның ұшар басына мінгестірілген барыстың үстінде қазақ халқында әділетті әрі данышпан биліктің символына айналған «Алтын адам» тұр.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау