Қызыл таң маталар үйі


Верныйдың классикалық ғимараты

Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың орталарына тән сәулет өнерінің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Сәулетшісі — сол дәуірдің көптеген қалалық ғимараттарын жобалаған белгілі архитектор П.В. Гурде. Ол Маталар үйі ғимаратын жаңа орыс әдісінде жобалады. Оюмен әшекейленген терезе қащқпақтары, ғимарат қасбетінің симметриялық қасбеті, қабыршақты жабындысы бар күмбез, нақыштар ойылған ернеулер соны көрсетеді. Үй сиқырлы ханшайымның сарайын еске салады.

Тарихы

Ғимарат салынған күнінен бастап «И. Габдулвалиев және оның ұлдары» атты сол кездің ірі сауда фирмасына тиесілі болды. Көпестер мануфактура, әтір-опа, ұсақ-түйек бұйымдар саудасымен айналысты. Сауда үйінің дүкеншілерінің бірі Қазақстанның кеңес өкіметі тұсындағы басшысы Д.А. Қонаевтың әкесі болды.

Матаға адал үй

Қала Верный деп аталған кезде де, кеңес өкіметінің тұсында да саудагерлер мата саудасымен айналысатын. Сол дәстүр күні бүгінге дейін үзілген жоқ. Жібек, сиса, барқыт, шілтер — бұл жерден қалаған матаңызды қалаған кезде таба аласыз. Қатарларды аралай жүріп, сол кездің исін сезіңіз, бір ғасыр бұрын мұнда сауданың қаншалықты қызғанын сезініңіз.

Ақпарат

Телефон

+7 (727) 329 5445

Орташа чек 

 

Жұмыс кестесі

 

v
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау