Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі


Тарихсыз болашақ жоқ

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі Қазақстанның тарихқа дейінгі дәуірінен бүгінге дейінгі тарихын қамтиды. Мамонт қаңқалары, ұлттық киімдер мен ат ер-тұрмандары, Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған зеңбіректер — музейдегі экспонаттардың әрбірінің өзіндік тарихы бар. Тәжірибелі экскурсия жетекшілері қызыққан тыңдаушыға олар туралы жалықпай әңгімелейді. Қор коллекциясынан 300 мыңнан астам элементті көруге болады.

Музейдің тарихы

Музей коллекциясын жинаудың арғы басы ХІХ жылдардың 30-жылдарында жатыр. Сол кезде ашылған «Орынбор өлкесінің музеумінде» Жетісу өлкесінен табылған экспонаттар пайда болды. Астана көшірілген соң музей де Қызылорда қаласына көшіріліп, 1929 жылы Алматыға әкелінді. Музейді бауырына басқан алғашқы ғимарат Вознесенск Кафедралды соборы болды. Музейдің қазіргі ғимараты үкіметтің арнайы тапсырмасымен 1985 жылы ғана салынды.

Танымдық-көңіл көтеру бағдарламасы

Музей ғимараты шамамен 20 мың шаршы метр ауданды алып жатыр, ал көрермен кіре алатын көрме бөлігі 7000 шаршы метр айналасында. Бұл — Республикадағы ең көп адам келетін музей. Оны жыл сайын 130 мың адам тамашалайды. Музей дирекциясы жыл сайын түрлі тақырыптарда 100-ге жуық лекциялар өткізіп, 30-дан астам көрме, акция және мәдени-танымдық бағдарламаларын ұйымдастырады.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау