Арбат


Тарихи анықтама

ХІХ ғасырдың орталарында-ақ бұл көше сол кездері Верный аталған қала өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Кеңестік кезеңде жастардың сүйікті мекені, қала өміріндегі барлық айтулы оқиғалардың орталығы, қалалықтардың демалыс күндері серуендейтін сүйікті мекені болды. Панфилов көшесінің жаяужол аймағына айналдырылуы Арбатқа екінші өмір сыйлады деуге болады. Тіпті қыстың аязды күндерінде де Арбаттан адамдардың қадамы үзілмейді. Мұнда серуендеп жүрген қалалықтар немесе қала қонақтарын кез келген уақытта кездестіруге болады.
2017 жылы Арбат көшесінде кең ауқымды қайта құр және жасылдандыру жұмыстары өтті.

Мәдени өмірдің жүрегі

Арбатта кімді кездестірмейсіз — фокусшылар, әншілер, суретшілер, бишілер... Мұнда ешқашан іш пыстыратын уақыт болмайды. Қашан келсеңіз де қайнаған өмір, құжынаған жұрт. Қазіргі заман өнерінің жыл сайын өтетін ArtBatFest жазғы фестивалі дәл осы жерде болады. Фестиваль кезінде көшенің өн бойын алып жатқан таңғажайып мүсін өнері туындыларын, қала театрларының өнерін тамашалауға болады. Жазда Арбатта көптеген флэшмобтар, өнер топтарының қойылымдары жиі болып тұрады, гитарамен ән шырқап, би билеп жүрген көңілді жастар күнде думанды қыздыра түседі.

Айналадағы инфрақұрылым

Көшені жағалай: екі ірі сауда орталығы — ЦУМ және Пассаж, екі кинотеатр — Lumiera Cinema және Цезарь орналасқан. Сансыз көп кітап, сән, зергерлік бұйымдар дүкендері, кофеханалар, мейрамханалар осы маңға шоғырланған. 2017 жылы көшеде ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілген соң, жасыл Арбат бұрынғысынан да қолайлы демалыс орталығына айналды. Төңіректей орналасқан орындықтар мен балалар алаңдары да көбейе түсті.
Қарап көріңіз

#visitalmaty


Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау