Alma Museum


Алманың астанасы

Алматы бұрын Алма-Ата деп аталғанын, оның аты жемістің нары алмамен байланысты екенін білмейтін жан жоқ шығар. Қала тұрғындарының бал татыған жемісті ерекше сүйсіне жейтіні де — содан. Алматының жасы 50-ден асқан кез келген тұрғыны бала күнінде қандай тәтті апорт жегені туралы жалықпай сағаттап әңгімелейді. Алматылықтардың алмаға деген мейірінің тасығаны соншалық, оның құрметіне тіпті музей де ашқан.

Алманы тамашалап, алма туралы әңгіме тыңдап...

Таңғажайып Alma Museum-де алманы тек жей алмайсыз, ол үшін Көкбазарға барыңыз. Ал музейде алматылықтардың даңқты апорт алмасы туралы әңгімесін тыңдап, фотолары мен видеоматериалдарын тамашалауға, интербелсенді медиа құралдарын қарауға болады. Музейдің негізін қалаушының сөзіне қарағанда, оны ашудағы негізгі мақсат — қала мен қалалықтар арасындағы үздіксіз диалогты жалғастыру көрінеді.

Әлемнің алмаларын жинағанда

Музейде алдағы уақытта тек Алматының алмаларын ғана сақтамай, күллі әлемнен алма туралы аңыздарды, қанатты сөздерді, суреттерді және басқа да материалдарды жинамақ. Осының бәрі бір ғана мақсатпен — алманың қазіргі әлемнің мәдени өміріндегі орнын байқау үшін жасалып отыр. Экспозицияның орталық тақырыбы бүкіл алма атаулының арғы тегіи — Сиверс алма ағашы болмақ.
Қарап көріңіз
Сұранымды қалдырыңыз
Жолдарды толтырыңыз
Aты-жөніңіз
Байланыс телефоныңыз
email
Болдырмау